Оқиғалар«Ашық Азия онлайн» жобасын дамытумен NBR Media айналысады

«Ашық Азия онлайн» жобасын дамытумен NBR Media айналысады

Internews «Ашық Азия онлайн (ААО) сайтының жаңа меншік иесін анықтау байқауының аяқталғанын хабарлайды.

Екі турдан, яғни алдын ала іріктеу кезеңінен, сондай-ақ Internews сарапшылары, қазақстандық медианарықтың көшбасшылары мен мамандарынан құралған халықаралық тәуелсіз комиссиясының алдындағы ақтық питчинг нәтижесінде әділқазылар алқасының берген жалпы ұпайы бойынша NBR Media командасы лайық деп танылды.

Үміткерлер сайтты дамыту концепциясын ұсынып, сонда түсіндірмелі журналистикаға, «Ашық Азия онлайнның» құндылықтарын сақтай отырып тәуелсіз редакциялық саясатына басымдық беретіндерін байқатты. Осы аптада сайтты өткізу процессін ресімдеу басталды.

Алдағы жылда Internews менторлары NBR Media командасын сүйемелдеп, сайттың жаңа иелеріне тұрақты медианы қалай қалыптастыру қажет екені жағынан көмектеседі.

«Ашық Азия онлайн» — бүкіл Орталық Азияны қамтитын интернет-жоба. Сайт 2015 жылдан бастап Орталық Азия мемлекеттері туралы, сол мемлекеттердің тұрғындарына – бір бірлері жайында, тарихы, салт-дәстүрі, жергілікті әдет-ғұрпы, қаһармандары мен жағымсыз кейіпкерлері туралы әңгімелейді. Бұдан да маңыздысы, «Ашық Азия онлайн» расымен де айтары бар адамдардың қоғамдық маңызға ие оқиғалар мен пікірлері жариялануына септеседі.

«Ашық Азия онлайн» — бұл тек ақпараттық қана емес, сонымен қатар мультимедиақұралдарын, еліктіріп, өзіне тартатын форматтарды қолданып, ақпаратты қолжетімді ететін ағартушылық жоба. Жобаның негізгі тілі  — орыс тілі болғанымен, материалдардың бір бөлігі қазақ, қырғыз, тәжік және өзбек тілдерінде шығады.
NBR Media командасы – жастарға (13-25 жастағы) арналған WeArt әлеуметтік медиашығармашылық орталығын ашқан жас ұжым. Орталыққа келушілер SMM, дизайн және документалистика бойынша тегін негізде қолданбалы білім алады.

Команда Narxoz Business Review университет журналын шығарады. Онда студенттер бизнес-кейстерімен бөліседі. Мұнда білім берудің өзекті мәселелері талқыланады. Бұдан бөлек, жастарға арналған қазақтілді сайтты іске қосып жатыр. Сайтта әлеуметтік маңызы бар контент жарияланады. NBR Media ұжымында журналистер, дизайнерлер және маркетологтар бар. Олар өз білім-тәжірибелерін «Ашық Азия онлайнды» дамытуға қолданады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи