Internews қолдауымен жастар медиасын жаса

0
1350
медиа стартап

Internews Орталық Азияға арналған MediaCAMP медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстанда жастар аудиториясына бағытталған медиастартапқа конкурс негізінде грант бөледі.

Интернетсіз өмірін елестете алмайтын жастар да ақпаратқа сыни пайыммен қарау идеясын қолдап, оны дамытатын қоғамның бір бөлшегіне айнала алатынына сенімдіміз. Интернеттегі мұндай аудиторияға арналған медианы жастар жасап, құрбы-құрдастарын идея ойлап тауып және оны танытуға қызықтырып, өздеріне тартуы қажет.

Соңғы бірнеше жылда жасаған жобасы, яғни медиастартапы бар 30 жасқа дейінгі жастарды байқауға қатысуға шақырамыз. Медиастартап форматы: уеб-сайт, Telegram не Youtubeтағы канал, Facebookтағы топ, парақша, Instagramдағы аккаунт болуы да мүмкін. Ең бастысы жобаңыз жастарға бағытталып, бизнес-идеясы түсінікті әрі соны жүзеге асыратын команда болуы қажет. Мақсатты аудиториясы – әйелдер, түрлі осал топтардың өкілдері болатын медиастартап өтінімдері жақсы қабылданады.

Байқау іріктеуі екі кезеңнен тұрады. 2019 жылдың 31 наурызына дейін онлайн-форманы толтырып, жіберіңіз. Онда мына сауалдардың жауабын көрсетуіңіз міндетті.

  • Жобаңызға сілтеме беріңіз;
  • Идеяңызды баяндаңыз;
  • Бизнес-жоспар құрыңыз;
  • Таныту стратегиясын баяндаңыз;

Өміршең әрі аудиторияны қызықтырып, тарта алатын медиастартаптардың авторлары екінші турға өтеді. Екінші тур 2019 жылдың сәуірдің ортасына дейін болады.

Әділқазылар байқау жеңімпазын питчинг (идеяны таныстыру) қорытындысында таңдайды. Іріктеу кезінде жобаның өзектілігі, өміршеңдігі және бизнес-идеясының тұрақтылығы, командасы және тәжірибесінің болуы, мақсатты аудиториясының байқау шарттарына сәйкесуі, презентациясының сапасы сынды критерийлеріне мән береді.

Internews жеңімпазға грант береді. Журналистика, мультимедиа, бизнес саласынан менторлар ұсынады. Назар аударыңыз: грант алу үшін ресми тіркелген ЖК, ЖШС, Қоғамдық қор не басқалай заңды тұлға болуы міндетті. Грант сомасы: 15 000 АҚШ долларына дейін (келісімшарт  жасалған күнгі теңге бағамымен).

Internews өтінімдерді рецензияламайды. Қажет болса қосымша ақпарат сұратамыз. Барлық сұрақ бойынша [email protected] электронды поштасына хат жазыңыз. Гранттар жөніндегі сұрақтардың жауабын мына сілтемеден табасыз.

Жоба АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен CAMP Орталық Азияға арналған бағдарламасы шеңберіндежүзеге асады. Бағдарлама туралы толығырақ білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз. Қазақстандағы Internews ұйымы туралы толығырақ мұнда жазулы.