ОқиғаларInternews жеті дата-жобаға қолдау көрсетеді

Internews жеті дата-жобаға қолдау көрсетеді

Data-журналистика дегеніміз не, ашық деректерді қайдан іздейміз, соны қандай құралдардың көмегімен өңдейміз, сапалы дата-медиажобаларды қалай жасайды, қалай таратады, қалай танытады? 2019 жылдың 23-25 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет өткен Орталық Азияның Innovation {and Motivation} Data Lab деректер зертханасында осы сұрақтарға жауап іздеді.

Internews Network-тің Орталық Азиядағы өкілдігінің жетекшісі Марат Бигалиев Innovation {and Motivation} Data Lab-ты ашып берді.

— Innovation {and Motivation} Data Lab-қа қызығып, қатысқандарыңызға рахмет. Алдағы үш күннің тақырыбы ашық деректер төңірегінде өрбиді. Өте маңызды тақырып. Ел дамуында ашық деректердің маңызы күн өткен сайын артып келеді. Бәріңізге сәттілік тілеймін,-деді Марат Бигалиев.

Қазақстандағы АҚШ елшісінің орынбасары Теодор Линг қатысушыларға арнап, сөз сөйледі.

— Біз бүгінгі Қазақстан медиасындағы өзекті мәселелердің бірі — ақпаратқа қол жеткізу және ашық деректер туралы талқылауға жиналып отырмыз. Ашық деректермен жұмыс істеу — соны пайдалы әрі маңызды контентке айналдыратын дағдыларды қажет етеді,-деді Теодор Линг.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі Бекзат Рахимовтың айтуынша, дата-журналистика медианың дамуына серпін беріп, жаңа деңгейге көтереді.

— Осы бағыттағы оқып-үйрену аса маңызды. Қазақстанда ресми ақпараттардың үлкен ауқымы ашық ресурстарда жарияланады әрі үнемі жаңарады. Сол ақпаратқа сұраныс болғанын қалаймыз,-дейді Бекзат Рахимов.

Рахимов мырза ашық деректер ұсынатын онлайн-ресурстарды таныстырды. Мәселен, Ашық деректер порталы Ашық үкіметтің бір компонентіне жатады. Бұл портал қызығушы азаматтардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарынан шығатын түрлі деректер қорына толықтай қол жеткізуіне арналған.

— Біз қазір ресурстарымыздағы контент сапасын жақсартуды негізгі мақсатымыз ретінде айқындап отырмыз,-деді Рахимов.

Сонымен Орталық Азияның Innovation {and Motivation} Data Lab деректер зертханасында Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 12 команда үш күн бойына дата-жобалар жасады. Барлық жобалар өмірде бар деректерден алынған. Шынайы. Оларға халықаралық сарапшылар-тәлімгерлер көмектесті.

Innovation {and Motivation} Data Lab-тың екінші күнінде бірнеше ашық сессия өтті. Оған командалар ғана емес, барлық ниет білдірушілер: студенттер, журналистер, дата-мамандар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Сессияда тақырып іздеу, аудиторияны анықтау, дата-жобаларды таныту туралы айтты.

Internews Network, Global Investigative Journalists Network (GIJN), International Fact-Checking Network сарапшысы, медиатренер, Data Lab-тың тәлімгері Олег Хоменок деректер журналистикасындағы хикая туралы әңгімеледі.

— Деректер журналистикасындағы хикая қандай да бір ақпараттан басталады. Журналистикада гипотеза әрдайым бар. Соны дәлелдейміз. Деректердің үлкен қорын өңдеп, сол гипотезаны растайтын не терістейтін мүмкіндіктерге ие кезеңде өмір сүріп жатырмыз,-дейді Олег Хоменок.

Ал тергеуші-журналист, Украинадағы ең қымбат үй қожайындарының каталогы – ГарнаХат ресурсын және «Канцелярская сотня» жобасын жасаған Денис Бигус (Украина) дата-жоба жасаудың әліппесін түсіндірді.

— Дата-жоба жасағанда ең алдымен деректердің «кен орнын» табу қажет. Қайдан іздейтініңізді білу міндетті. Әрмен қарай барлығы да қайта өңдеу процесіне келіп тіреледі. Деректерді бір қажетке жарату керек. Сіз қолда бар ақпаратты қалай іске жаратыңызды түсіну аса маңызды. Аудиторияның шикізатта шаруасы жоқ. Адамдарға нәтиже қажет. Түпкі нәтижеде ешбір цифр болмауы да мүмкін,-дейді Денис Бигус.

«Мінбер» журналистерді қолдау қорының жанындағы жаңа медиатехнологияларды зерттеу жобасының жетекшісі, медиатренер, журналист Асхат Еркімбай (Қазақстан) дата-медиажобаларды студенттерімен бірге жасағанда әуелі не істейтіндерін айтты.

— Студенттерімізбен бірге ең алдымен өзіміз таңдаған тақырып төңірегінде алдын жасалған жобаларды іздейміз. Менің кеңесім – мейлінше көп ақпарат жинап, қолданылған деректер сіздің еліңізде қолжетімді ме, емес пе, соны анықтап алыңыз,-деді Асхат Еркімбай.

Орталық Азияның Innovation {and Motivation} Data Lab деректер зертханасындағы жұмыс нәтижесінде анықталған үздік медиажобалар Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде Internews  ұйымынан сол идеясын жүзеге асыруға қаржылай грант алды.

Жеңімпаз-жобалар:

Тәжікстан:

  • «Мигранттар ақшасы». Жобаның мақсаты – Тәжікстан мигранттары аударатын ақшаның ел экономикасындағы маңызын көрсету. Барлық деректер интерактивті элементтер – инфографика, тесттер, видеолары бар лонгрид түрінде ұсынылады.
  • «Түһ, неткен әйел». Жоба тәжік әйелдері жәнеТәжікстандағы гендер мәселеге арналған. Мақсаты – Тәжікстан Республикасындағы әйелдердің негізгі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру. Аудиторияны тарту үшін интерактивті тест, инфографика, аймақтағы әйелдердің өмірі туралы видеохикаялар түрінде ұсынылады.

Өзбекстан:

  • Project-311. Жалпақ жұртқа ашық деректерді ұсынатын сервис жасау. Ашық қайнаркөздерден ақпаратты автоматты түрде жинайды. Ыңғайлы интерфейсі, түсінікті функциялары болады.
  • «Ажырас(па)удың құны». Әлеуметтік жоба Өзбекстандағы ажырасу процесіне арналады. Өзбекстанда ажырасу — ұзақ та ауыр процедура. Мақсаты – ажырасу, яғни некені бұзудың механизмдерін өзгерту. Жоба сауалнамалары, интерактив картасы бар лонгрид түрінде жасалады.

Қазақстан:

  • «Бұқараға арналған бұқтырылған ет қаншадан?». Құтыдағы бұқтырылған етті сату мысалында мемлекеттік қорды жұмсаудан мемлекеттік нені жоғалтарын бейнелейді. Жоба мемлекеттік бюджет түсімдерін арттыруға және бизнес өкілдерінің мемлекеттік сатып алуларға қатысудағы кедергілерін жоюға мүмкіндік береді.
  • «Жер қойнауы, ақша және хоккей». Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері аймақтарды қалай дамытып жатыр? Қазақстандағы қазба байлықтарын игерушілер аймақтардың дамуына атсалысуға, қаржы бөлуге міндетті. Алайда, олардың төлемдері туралы деректер азаматтарға беймәлім күйінде қалып отыр. Жоба карта, графика және интерактив дауыс беру түрінде сол ақпараттарды жалпыға жария етуге мүмкіндік ашады.
  • «Азаматтардың қатысу индексі». Қазақстанда жыл сайын 20-дан 70-ке дейін жаңа заңнамалар қабылданады. Алайда, республиканың азаматтары жобаларды талқылау және енгізу барысын қатысуда белсенділік танытпайды. Идея авторлары қабылданатын заңнамаларға және сол процеске Қазақстан азаматтардың қатысу деңгейіне анализ жасауды ұсынады. Азаматтардың қатысу индексі және ықпал ету индексінің формуласы жасалады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаметінің директоры Бекзат Рахимов: Бізге DataLab форматы ұнады. Келесі жылы DataLab-қа бұдан да белсенді қатысуды жоспарлап отырмыз. Бәлкім, нақты бір бағыттардағы жобалар бойынша салалық министрліктермен бірлесіп жұмыс істейміз,-деді.

Innovation {and Motivation} Data Lab жобасы АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асатын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен өтті.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи