Видео түсіруді және оны әрі қарай танытып-таратуды үйрететін курсқа өтініш қабылдау басталды.
AIR Academy компаниясы әлеуметтік тақырыпта видео түсіріп, монтаждап, түрлі платформаларда жариялап және оны таратып-танытуды үйренгісі келетіндерге арналған курс өткізеді. Курсқа қатысу – тегін. Қатысушыларды байқау арқылы іріктейді.
Бұл курс кәсіби деңгейі әртүрлі видеомейкерлерге пайдалы болмақ. Бағдарламасына: видео идеясымен және сценариймен жұмыс, видео түсіру мен монтаждау дағдыларын меңгеру, YouTube, Instagram платформаларына видео дайындаудың ерекшеліктерін білу және контентті танытып-тарату, монетизациялауды үйрету кіреді.
Курс офлайн және онлайн форматтағы жеті сабақтан тұрады. Қатысушыларға тәлім беру ұдайы жүреді. Қазақ тілінде видео түсіріп, қазақша канал жүргізетін қатысушылармен қазақ тілді тәлімгерлер жұмыс істейді.
Қыркүйектен желтоқсанға дейін төрт курс өтеді. Бұған 100 адам қатыса алады.
Алматыдан қатысушылар курс сабақтарын офлайнда оқыса, басқа аймақтардан қатысушылар онлайн түрде қатыса алады. Курсты бітіргендерге сертификат беріледі.
Курстың бірінші легіне тіркеу басталды. Өтініш қабылдау 23 тамызда аяқталады. Оқу 5-қыркүйекте басталып, айдың соңына дейін жалғасады.
Курс қатысушыларын іріктеу байқауына өтініш беру үшін әлеуметтік сипаттағы мәселе мен оны шешу жолын ұсынатын идеясы көрсетілген видео түсіріп, сол видеоны Youtube не Instagram-да #kzonair хештегімен бөлісу қажет. Видеоның ұзақтығы 3 минуттан аспауы шарт.
Курс туралы егжей-тегжейлі мәлімет пен тіркеу формасы мұнда жазулы.
Екінші лекке қатысуға өтініш қыркүйектің басында қабылданады. Үшінші лекке — қазанда, төртіншісіне — қарашада басталады.
AIR компаниясы – Youtube видеохостингінің ресми серіктесі. Ашылғанына 8 жыл болған компанияның AIR Academy бағыты жұмысын бастағанына 4 жыл толды. Қазір Видеоблогинг академиясы екі елде – Украина және Қазақстанда жұмыс істейді. Алматы қаласында 2018 жылдың жазында ашылды. Осы аралықта бері алты курс өтіп, 60-тан астам видеоблоггер оқыды.
Қосымша ақпарат: Skype — airacademykz, WhatsApp/Phone +7 (777) 670 0404.
Әлеуметтік видеоблогинг курсы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып отырған Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында іске аспақ.