Қазақстандағы Internews өкілдігі Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында отандық контент жасау идеяларына байқау жариялайды. Байқауға өтініштер 2019 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады.
Қазақстан медиасы қоғамның күрделі де өзекті мәселелері туралы кәсіби әрі сапалы тұрғыда түрлі платформаларда тарата отырып, заманауи технологияларды қолданып, аудиторияны елітіп, қызықтыра әңгімелегенін қалаймыз.
Байқаудың мақсаты – сапалы телехабарлар, арнайы репортаждар, деректі фильмдер, лонгридтер, әлеуметтік желідегі жобалар, web-деректі фильмдер, web-сериалдар, мультимедиа жобалар мен журналистік зерттеулер және тағы басқа форматтағы контентті қолдау. Жоба қазақ немесе орыс тілінде болуы мүмкін. Байқау тақырыбы — еркін.
Internews ұйымы байқау аясында сайт жасауға, сайтты танытуға, көркем фильмдер, сериалдар, әлеуметтік роликтер және музыкалық клиптер түсіруге қолдау көрсетпейді.
Байқауға телеарналар, онлайн-медиалар, продакшн-студиялар, тәуелсіз продюсерлер, авторлар мен блогерлер қатыса алады. Команда немесе автордың заңды тіркеуі болуы тиіс (ЖШС, ЖК, қор немесе т.б.). Барлық жоба 2020 жылдың қыркүйегіне дейін іске асырылуы шарт.
Материалдарды жариялау не көрсету кестесі грант келісімінің қосымшасында арнайы келісіледі.
Байқау үш кезеңнен тұрады:
I кезең – идеялар байқауы
Идеяңыздың қысқаша сипаттамасын баяндап, онлайн-өтінішті толтыруыңызды сұраймыз. Тақырып ауқымына шектеу жоқ. Жасаңыз, ойлап табыңыз, армандаңыз! Біз мазмұны мен форматы ерекше контент іздеп отырмыз!
Өтініш қабылдаудың соңғы күні: 15 қараша 2019 жыл.
Ең қызық идеялар байқаудың II кезеңіне өтеді.
II кезең – идеяларды ұсыну
Үздік идеяның авторлары арнайы питчинг-сессияға шақырылады. Питчингте идеясының маңызын дәлелдеп, нақты орындалуына көз жеткізетіндей етіп өз концепцияларын кез келген формада таныстыруға 5 минут уақыт беріледі.
Презентацияда келесі жайттарға тоқталып, түсіндіру қажет:
- жүзеге асыру жолдары;
- жобаның аудиториясы;
- бюджеті;
- ең соңындағы әзірленетін медиа өнім.
Презентациядан кейін комиссия мүшелерін нақтылау үшін сұрақтар қойып, жоба идеясын жақсартуға ұсыныс беруі мүмкін.
III кезең – идеяны жетілдіру және грант беру
Алдын ала мақұлдауды алған жоба авторларына жобаны жетілдіру, бюджетін құру және грант алу үшін құжаттарын әзірлеуге үш апта беріледі.
Контентке арналған гранттарды қаржыландыру туралы түпкілікті шешімді байқау комиссиясы грант алуға тапсырған өтінішпен бірге келесі критерийлер негізінде қабылдайды: идеяның ерекшелігі, мультимедиа құралдарының интеграциясы, мақсатты аудиторияны түсінуі және қызықтыра білу, бұған дейінгі тәжірибесінің болуы және бюджетке сай келуі. Грант ұтып алған жағдайда өтінішке лицензиялы бағдарлама, техника немесе құрал-жабдық сатып алуды қосуына болады.
Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұратуымыз мүмкін. Барлық туындаған сұрақты kz-info@internews.org поштасына жолдаңыз. Ең жиі қойылатын сұрақтарға Internews Қазақстан ұйымының сарапшы-кеңесшісі «Контент жасауға гранттар: сұрақ-жауап» вебинарында жауап берді.
Бұл байқау АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып отырған Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында өткізіледі.