ГранттарБайқау: ҚР-дағы хабар таратушылардың цифрлы хабар таратуға көшуін қолдау гранты

Байқау: ҚР-дағы хабар таратушылардың цифрлы хабар таратуға көшуін қолдау гранты

Болашақ серіктестеріміздің көмегімен тәуелсіз хабар таратушыларға цифрлық хабар таратуға көшу барысында қолдау көрсетеміз. Тәуелсіз хабар таратушылардың жаңа хабар тарату форматына сәтті ауысуын және сапалы контент құруды жалғастыруын қалаймыз.

Конкурс дамыған іскерлік, оның ішінде мемлекеттік органдармен байланыс желісі бар, төмендегі талаптарға дайын ассоциациялар, медиалық ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) мен медиа саласында кемінде 3 жыл жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар үшін ашық:

— хабар таратушыларды цифрлық хабар таратуға көшу мәселелері, мысалы, қажетті шығындар, құқықтық мәселелер, жаңа жабдықтың қажеттілігі, сонымен қатар желі құру, контентпен бөлісу және Интернетте қамтуын кеңейтуге бағытталған стратегиялар әзірлеу мәселелері бойынша оқыту.

— БАҚ және мемлекеттік органдармен серіктестікте алдағы болатын өзгерістер және олардың халыққа әсері туралы азаматтарға арналған ақпараттық компания жүргізу. Сонымен бірге әлеуметтік медианы да кең ауқымда қолдануға болады.

Жоба 2020 жылғы қыркүйек айының соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс.

Өтінішті 2019 жылдың 28 қарашасы, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:00-ге дейін толтыру қажет.

Қазылар алқасы ұсыныстарды өтініш берушінің медиа саласындағы тәжірибесі және өзінің қатысушыларының әлеуетін арттыру тәжірибесі, қазіргі заманғы медиа нарығындағы белсенді даму стратегиясы, өзінің қатысушыларының мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл стратегиясы, жарияланған нәтижелердің ойластырылған көрсеткіштері және нақты бюджет сияқты өлшемдер бойынша бағалайды. Жеңімпаздар туралы электрондық пошта бойынша хабарланады.

Барлық сұрақтар бойынша kz-info@internews.org электрондық мекенжайына хабарласуыңызды өтінеміз. Жауаптар қойылған сұрақтармен бірге олардың түсуіне қарай Internews.kz және newreporter.org хабарлама парақтарында пікірлер түрінде жарияланатын болады.

Осы жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өткізіледі. Бағдарлама туралы мұнда жазылған. Қазақстандағы Internews туралы мына беттен оқи аласыз.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи