Контент жасауға арналған грант Байқауының екінші кезеңіне қатысушылар іріктелді. Байқауға барлығы 264 жоба келіп түсті. Соның ішінен 63 жоба екінші кезеңге өтті.
Екінші кезеңге өткен қатысушылар тізімі:
1. Нұрлан Бектаев. Ерекше балалардың ата-аналарына арналған материалдар
2. Айжан Көшкенова, «Араша». Сарапшылармен видеосұхбаттар топтамасы.
3. Алжанбек Болысбекұлы, Bilte Media. «Қымызхана» Youtube-шоуы.
4. Бақытгүл Салыхова, Bilimpaz. Бала тәрбиесі тақырыбында подкасттар топтамасы.
5. Гулвира Биғалиева. Туристік орындар туралы репортаждар топтамасы
6. Думан Кеңшілік, «Жеке өзім». Бір тақырыпқа бірнеше көзқарас хақында материалдар топтамасы
7. Ерболат Тұрсынқожа. Адамдар жайлы репортаждар топтамасы және (немесе) Қызылорданың тарихи орындары туралы YouTube-шоу
8. Ержан Қалымбайұлы, ULYS. «Есті сөз» жобасы: саясат, экономика және қоғам тақырыбында жас зерттеушілермен видеосұхбаттар топтамасы,
9. Ерлан Оспан. Дата-журналистика форматында материалдар топтамасы
10. Айсұлтан Жақыпов. Әйелдер жайлы материалдар топтамасы
11. Сағындық Жанысбаев, Mediaon.kz. Инклюзия тақырыбында материалдар топтамасы.
12. Жәнібек Нұрыш, Otyrar.kz. Қиын жағдайда қалған адамдар жайлы хикаялар: құлдық, зорлық-зомбылық.
13. Қайрат Зайнишев. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанға келген этникалық қазақтар туралы материалдар.
14. Мерей Қосын. Азаматтық белсенділер туралы материалдар топтамасы
15. Омар Заңғар, Алина Жартиева, Анапия Сұңғат. Урбанизациясының қоғамға, әсіресе жастарға ықпалы туралы материалдар топтамасы
16. Салтанат Әскербекқызы. Балаларға зорлық-зомбылық тақырыбында материалдар топтамасы
17. Сая Бақимова. Психологиялық сауат тақырыбында материалдар топтамасы
18. Абай Тленшиев. Шетелде жетістікке жеткен қазақстандықтар туралы материалдар топтамасы
19. Мақпал Шадай, Oinet.kz. Қаладағы ауыл жастарының проблемалары туралы материалдар топтамасы
20. Ботагөз Сейдахметова, differentLife.kz. Аға буынның жетістіктері мен проблемалары туралы хикаялар
21. Жанана Курмашева. Ақтастағы балалар бапкері туралы деректі фильм
22. Сауле Алпысова, «Reliance» ҚҚ. «Эфирде ерекше адамдар»: қазақ және ағылшын тілдерінде подкасттар.
23. Қасымхан Қаппаров, «EMCG Group ЖШС. Экономикалық тақырыптарда пікірталас сериясы
24. Асқар Ақтілеуов, Tilshi.kz. Қазақ тілінде жастар пікірсайысы
25. Зулейха Махмудова, HasLey компаниясы. Қоғамда әйел образын нығайтуға арналған видеолар сериясы
26. Тамара Еслямова, «Уральская неделя». Жайық теңізіндегі апат туралы сериал
27. Галина Петренко, «Наша Газета». Ауылдардағы өзін-өзі басқару туралы материалдар топтамасы
28. Асем Жапишева, Дмитрий Дубовицкий, Digital Consulting. Қазақстандағы суицид тақырыбына арналған «Цветы для Рустема» деректі сериалы
29. Ботагоз Омарова, 101tv.kz. Елес-зауыттар туралы Raspil-kz журналистік зерттеулер
30. Екатерина Алифанова, NewTimes.kz. Полиция жүйесіндегі өзгерістер туралы журналистік зерттеу немесе айықпас ауыр дертке шалдыққан адамның онлайн-күнделігі
31. Айнур Коскина. Өңірлік медианың өзекті сауалдарына астанадан репортаждар топтамасы
32. Ғалия Токарева, «Точка» креатив шешімдер агенттігі. Тәжірибесі пайдалы әрі қайталанбас адамдар жайында «Обычный герой» видеохикаялары немесе балалар үйінің 13 жасар ұл тәрбиеленушісінің тағдыры туралы веб-сериал
33. Юрий Гривко, «Акцент» телеарнасы. Ерекше қажеттілігі бар адамдар туралы жоба.
34. Джамиля Маричева. Мемлекеттік сатып алулар, ашық бюджетпен және нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істеу туралы @protenge Instagram-каналы немесе Қазақстанның шекара маңындағы ауылдарынан фоторепортаждар сериясы
35. Галина Табала, «Трансформа» өнер кеңістігі. #ГрамотностьэтоМодно жобасы.
36. Мирас Нурмуханбетов. Қоғамдық-саяси оқиғаларға арналған суретті хикаялар.
37. Екатерина Назаренко, Петропавловск.news. Солтүстік Қазақстан облысының проблемалары туралы материалдар топтамасы
38. Аруна Амзеева, Manshuq Media. Сайтта жариялауға «Қызды тәрбиелеу» тақырыбында материалдар топтамасы
39. Меруерт Нургазинова, AMA group компаниясы. Қарапайым қазақстандық отбасынан шыққан балалардың өмірі туралы видеороликтер сериясы.
40. Анар Бекбасова, «Жас Алаш» газеті. «Шала қазақтарға Jas Alash» инклюзия алаңшасы
41. Юлия Соломенцева. «От детей — детям» интерактив бағдарламасы.
42. Алиса Масалёва, «Южный Казахстан». Тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында «Не проходите мимо» материалдар топтамасы
43. Светлана Глушкова. «СпецПриёмник KZ» мультимедиа жобасы.
44. Олег Болдырев, Fantomas media group. «Профессии будущего» деректі фильмдер топтамасы
45. Әділжан Нұрмақов, Urban Forum Kazakhstan. Алматы, Қарағанды және Атырау қаласының тұрғындары ішіндегі бастамашыл топтар туралы фильм.
46. Тимур Нүсімбеков. Adamdar CA мультимедиалы платформасы. Қазақстандағы заманауи белсенділік хикаялары
47. Зарина Даирова, «Открытая Азия онлайн». Орталық Азияның кеңестік тарихындағы жаппай қуғын-сүргінге арналған арнайы жоба
48. Айсана Ашим, The Village Kazakhstan. 1930-1950 жылдардағы ҚазКСР зиялыларының саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны жайында материалдар топтамасы
49. Мөлдір Тәңірбергенова, «Первый Северный». Ішкі көші-қон туралы «Солтүстікке қоныс аудару» материалдар топтамасы
50. Гамзат Бияров, OYLA журналы. TYNDA интерактивті аудиожурналы: мобайл қосымша.
51. Олеся Герасимова, «Первый Северный». Аутизммен ауыратын балалардың отбасы туралы материалдар сериясы
52. Куат Жоболаев. Баспананың нарықтық бағасын қаржылық тұрғыдан талдау.
53. Валерия Сулейменова, «Алау-ТВ». Әйел-көшбасшылар туралы ТВ-жоба.
54. Әйгерім Мұхамеджан. «Прими меня, мир» деректі фильмі.
55. Илья Бароховский. «Провинциальная правда.KZ».
56. Зайнилабидин Бакубыллаев, «Камкор Журек» ҚБ. «Мы равные?» деректі фильмі.
57. Саид Максимов, EfCom. Танымал кәсіп түрлері туралы бағдарламалар топтамасы.
58. Екатерина Корабаева, «18+Идея». «Меня никто не спросил» веб-деректі фильмі.
59. Гүлмира Қамзиева. Қазақстаннан көшу туралы бағдарламалар сериясы.
60. Назира Дәрімбет, KZ.MEDIA. «У тебя есть выбор» мультимедиалы хикаялар топтамасы.
61. Жаннат Нугманова, Informburo.kz. Цифрлы гигиена және цифрлы қауіпсіздік тақырыбында материалдар топтамасы.
62. Мадина Мусина. Алкоголге және есірткіге тәуелді жандарға көмек туралы жоба.
63. Айнаш Хаметжанова, Tengri TV. Шалғай ауылдар мен қалалардың өмір туралы шағын деректі фильмдер топтамасы.
Байқаудың екінші туры 28 қарашада басталады. Екінші тур питчинг форматында өтеді.
Питчинг – бұл идеяңызды қазылар алқасына қысқаша түсіндіруіңіз. Питчинг барысында жюри сұрақ қойып, идеяңызды дамыту бойынша ұсыныстарын айтады.
Презентация регламенті: 15 минут, оның ішінде 10 минут презентацияға және 5 минут сұрақ-жауапқа арналады. Презентацияны қазақ немесе орыс тілдерінде жасауға болады.
Жоба презентациясында идеяңызды білікті жюридің алдында қорғайсыз. Питчингте мына төмендегі бағыт-бағдарды назарға алыңыз:
- Кіммен/немен, қайда және қашан жұмыс істейтініңізді;
- Жобаңызды жасаудың егжей-тегжейі, ерекшеліктері, қиындықтарын;
- Жобаның бюджеті неден құралатынын;
- Жобаны жасағаннан кейін ақырғы дайын контентті қалай елестетініңізді;
- Дайын контентті қайда жариялайтыныңызды;
- Жобаңызды аудиторияға таныту/жеткізу жоспарыңызды, әдіс-тәсілдеріңізді, құралдарыңызды
таныстырасыз.
Презентациядан кейін комиссия мүшелері нақтылайтын сұрақтар қойып, жоба идеясын жетілдіруге арналған нақты кеңестер береді.
Алматыда тұрмайтын қатысушылар питчингке Skype арқылы қосылады. Қосымша мәліметтерді қатысушылардың электронды поштасына жолдаймыз.
Айта кетейік, байқаудың мақсаты – ТВ-ға, радиоға, сондай-ақ, онлайн/офлайн алаңшаларға және әлеуметтік желілерге сапалы мультимедиалы контент жасайтын авторларды қолдау.
Internewsтің байқау комиссиясы гранттарды бөлу және нақты жобаларды қаржыландыру бойынша ақырғы шешімді мына критерийлерді негізге ала отырып қабылдайды: идеяның бірегейлігі, мультимедиалық тәсілдерді және құралдарды қолдануы, мақсатты аудиторияны тартуы әрі кері нәтижесі, жобаны жасаудың қарапайымдылығы және ақылға қонымды бюджет.
Бұдан бөлек, Internews қызметкерлері әлеуетті грант алушылардан жоба туралы, өтініш берген тұлға не компания жайында қосымша мәліметтер сұратуы мүмкін.
Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org электронды поштасына хат жазып, хабарласыңыз. Гранттарға қатысты сұрақтардың жауабы мұнда жарияланған.
Контент жасауға арналған гранттар жобасы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.