Медиа және цифрлы сауат — бұл адамдардың шынайы ақпаратты жалған ақпараттан ажырату, мазмұнын сыни пайым тұрғысынан бағалай алу, заманауи цифрлы технологияларды пайдалана білу қабілеті.
Біз медиа, білім беру бағытындағы коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдарды, IT-компанияларды, сондай-ақ жастармен, медиа және цифрлы сауатын арттырғысы келетін келетін түрлі топтармен жұмыс істейтін қауымдастықтарды гранттар байқауына қатысуға шақырамыз.
Internews мына бағыттарда грант береді:
1. балалар мен ересектердің медиасауатын арттыратын түрлі онлайн-ойындар жасау және барларын қазақ/орыс тілдеріне бейімдеу; халық арасындағы түрлі топтарға медиасауат туралы қысқа онлайн-сабақтар сериясын түсіру;
2. Халықтың барлық тобымен қазақ/орыс тілдерінде жұмыс істейтін медиа және цифрлы сауат тренерлеріне тренинг өткізу. Қатысушылардың саны 20-дан кем болмауы керек.
3. Балалар, жасөспірімдер, студенттер, оқытушылар, мұғалімдер, мәдениет, спорт қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, зейнеткерлер мен халықтың тағы да басқа топтарын медисауатын арттыруға қызықтыратын түрлі көпшілік іс-шараларды: пікірсайыстар, жастар лагерлері, форумдар, квесттер мен тағы басқасын қазақ/орыс тілдерінде ұйымдастыру;
4. Кітапханашыларға медиа және цифрлы сауат бойынша қазақ/орыс тілдерінде тренингтер өткізу. Тренингке қатысушылар саны 20 адамнан кем болмауы керек;
5. Оқушыларға медиасауат бойынша оқу құралын әзірлеу және соның негізінде мектеп мұғалімдеріне тренинг өткізу;
Өтініш берушінің мұндай жобаларды жүзеге асыратын тәжірибесі және құзіреті болуы міндетті. Жоғарыда аталған бағыттардың бір немесе бірнешеуін таңдауға болады.
Internews байқау нәтижесінде таңдалған серіктестерге жобасын жүзеге асыруына консультативті қолдау көрсетеді.
Жобаларды орындау мерзімі: барлық таңдалған жоба 2020 жылдың 31 шілдесінен кешіктірілмей іске асырылуы міндетті.
Өтінішті қалай береді?
Онлайн өтінішті 2019 жылдың 25 желтоқсаны, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 24:00-ге дейін толтыру қажет.
Internews өтініштерді қарап, 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін шешім қабылдайды.
Барлық іріктелген өтініш берушіні 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін электронды пошта арқылы қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Internews сарапшылары шешім қабылдағанға дейінжарияланған байқаудың финалистерімен өтініштерін талқылайды.
Internews қажет болған жағдайда өтініш берушіден өтініш жобасына қатысты қосымша мәлімет сұрата алады. Өтініштер рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
Барлық сұрақ бойынша kz-info@internews.org электронды поштасына хат жазып, хабарласыңыз.
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында іске аспақ.