БайқауларМедиасауат бойынша MediaCAMP-Эдьютонына қатысуға байқау басталды

Медиасауат бойынша MediaCAMP-Эдьютонына қатысуға байқау басталды

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларын, мектеп мұғалімдерін, медиатренерлер мен медиасауат сарапшыларын 2020 жылдың 21-23 ақпан күндері Алматыда өтетін Медиасауаттылықты дамыту Эдьютонына қатысуға шақырамыз.

Эдьютон – тәжірибелі менторлардың көмегімен медиа және цифрлы сауаттылықты дамытатын жобалар әзірлеуге, тәжірибе алмасуға және жаңа нәрсені үйреніп, жаңаша білім алуға бағытталған қолданбалы сипаттағы инновациялық семинар. Орталық Азия елдерінде Эдьютон бұған дейін екі рет: Еуропалық Одақ қаржыландыратын және Internews жүзеге асыратын «Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту» жобасы аясында өткізілді.

Эдьютон 2020 тақырыбы: қоғамның барлық топтарына (мұның ішінде студенттер, оқушылар, азаматтық белсенділер және БАҚ қызметкерлері де бар) арналған медиасауаттылықты оқыту бойынша визуализациялар, ойындар және интерактив әдіс-тәсілдер.

Эдьютон соңында екі үздік жоба (Қазақстан мен Тәжікстаннан бір-бірден) MediaCAMP жобасы аясында қаржыландыруға ие болады.

Ұйымдастырушы тарап Эдьютон қатысушыларының жол, жатын орын және тамақтану шығындарын өтейді.

Қатысушыларды конкурс негізінде іріктейді. Жекелеген де, тіркелген ЖК, қоғамдық қор немесе ҮЕҰ нысаны болған жағдайда командалық өтініштер қабылданады.

Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні: 2020 жылдың 20 қаңтары, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-ге дейін. Өтінішті мұнда толтырасыз. Сұрақ туындаса, kz-info@internews.org электронды поштасына жазыңыз.

Медиасауаттылық бойынша MediaCAMP-Эдьютоны 2020 іс-шарасын Internews Қазақстан өкілдігі АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында өткізеді.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи