Internews Kazakhstan қазақша жобалар координаторы позициясына қызметкер іздейді

0
1945

Қазақстандағы «Internews Network» өкілдігі Алматы қаласында Қазақша жобалар координаторы позициясына жарты ставкаға бос жұмыс орны бар екенін хабарлайды.

Негізгі қызметтері:

Қазақша жобалар координаторы MediаCAMP бағдарламасындағы қазақша компоненттердің сәтті жүзеге асуына, Қазақстандағы Internews ұжымымен бірлесіп жоспарлар құрып, қарым-қатынас түзуге жауапты. Жоба координаторы Аймақтық медиа-консультант және Орталық Азиядағы Internews өкілдігі басшысына есеп береді.

Негізгі міндеттері:

  • Internews ұйымының Орта Азиядағы және Қазақстандағы жобаларын жоспарлауға және жүзеге асыруға қатысу;
  • қазақ медиасындағы өзгерістерді қадағалап, есеп жүргізу;
  • қазақ журналистері мен медиа өкілдері арасында тығыз қарым-қатынас орнату;
  • қазақша жобаларды жүзеге асырушылармен және ресми өкілдермен үнемі байланыста болу;
  • мәтін жазу және редакциялау; аудио, видео, фото контент жасау;
  • ұйымның әлеуметтік желілері мен сайттарына контент жасауға жәрдемдесу;
  • ағылшын, орыс тілдерінен қазақшаға және қазақшадан ағылшын, орыс тілдеріне есептерді, ресми құжаттарды аудару;
  • жобалардың тиімділігін бағалау, қадағалау және есеп әзірлеу;
  • тренингтер, кездесулер, медиа шаралар ұйымдастыруға көмектесу;
  • жоспарланбаған іссапарларға шығу;
  • қазақша жобалар координаторы құзырына жататын логистикалық және өзге де мәселелерді шешу;
  • қажеттілікке орай туындайтын басқа да міндеттерді орындауға дайын болу.

Үміткерге қойылатын негізгі талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • Алматы қаласында тұрып, жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • белгілі бір сала бойынша білімі және жұмыс тәжірибесі болу;
  • қазақ тілінде ғылыми, әдеби, іскерлік сипатта сауатты мәтін жаза білу;
  • шұғыл тапсырманы дер кезінде сапалы орындай алу;
  • топ ішінде жұмыс істей алу және жауапкершіліктің жоғары болуы;
  • медианың бір саласы бойынша өзіндік зерттеу жасау;
  • медиатренер ретінде тәжірибесі болу;
  • MS Office бағдарламаларын еркін қолдану;
  • мультимедиалы контент жасауға арналған бағдарламалармен жұмыс істей білу;
  • халықаралық немесе қоғамдық медиа ұйымда жұмыс тәжірибесі бар үміткерге басымдық беріледі

Қазақ тіліндегі резюмені (CV) 20 қаңтарға дейін мына э-поштаға: kz-info@internews.org жолдауыңызды өтінеміз. Хат тақырыбына «Қазақша жобалар координаторы» деп көрсетіңіз.

«Internews Network» – медиа ұйымдарға қолдау көрсететін коммерциялық емес халықаралық ұйым.

Негізгі жұмыстары:

  • бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына, контент сапасының артуына және жаңа медиа технологиялардың қолдануына үлес қосу;
  • техникалық және шығармашылық ұжымның кәсіби әлеуетін арттыру үшін тренингтер ұйымдастыру;
  • құқықтық көмек.