MediaCAMP Bussines LAB-қа қатысуға өтініш қабылдау басталды

0
573
MediaCAMP Bussines Lab

Арнайы жобалар жасау және продюсерлік етумен айналысатын немесе айналысқалы жүрген қазақстандық медиа командаларды 2020 жылдың 12-14 наурызы күндері Алматыда өтетін MediaCAMP Bussines LAB-қа қатысуға шақырамыз.

MediaCAMP Bussines LAB-та тәуелсіз медианың қаржы тұрақтылығы мен өміршеңдігі мәселелері, басқару дағдылары мен медиа саласындағы соңғы тенденциялар туралы тәжірибе алмасады.

Лаборатория барысында қатысушылар тәжірибелі менторлардың жетекшілігімен арнайы жобаларға маркетинг және менеджмент тұрғысынан дұрыс ыңғай табудың әдіс-тәсілдерін біліп, арнайы жобалардың тұтас бизнес-пакетін әзірлейді.

Жеңімпаз-командалар медианы басқару және қаржылық потенциалын нығайтуға бағытталған арнайы гранттар байқауына қатыса алады.

Команда кемінде екі адамнан құралуы керек. Олар арнайы жобаларды бастап, жүргізе алатын құзырет пен өкілетке ие болуы міндетті. Мысалы: бас редактор/медиа продюсер + маркетолог/сату жөніндегі маман.

MediaCAMP Bussines LAB-қа байқау іріктеуінен өткен кез келген меншік нысанындағы медианың өкілдері қатыса алады.

Өтініште:
1) арнайы жоба идеясының сипаттамасы және жүзеге асыру механизмдері, штаттық позициялардың сипаттамасы, команда мүшелерінің тәжірибесі;
2) редакцияның өз қаржысына арнайы жоба жасайтыны туралы ресми бланктегі хаты болады.

Қатысуға өтініш жіберу үшін мына сілтемеге өтіп, өтініш формасын 2020 жылдың 14 ақпанына дейін толтыру керек.

MediaCAMP Bussines LAB-қа қатысу – тегін, ал қаладан тыс жердегі мемлекеттік емес медианың келу және жату шығыны төленеді.

Сұрағыңыз болса, мына электронды поштаға хат жазыңыз: [email protected]

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Бағдарлама туралы мына парақтан білесіз. Internews Қазақстан өкілдігі туралы мұнда жазылған.