БайқауларТүсіндірме журналистикасы тренингін ұйымдастыруға байқау жарияланды

Түсіндірме журналистикасы тренингін ұйымдастыруға байқау жарияланды

Internews Қазақстан өкілдігі MediaCAMP бағдарламасы аясында түсіндірме журналистикасы тренингін ұйымдастыратын серіктес-ұйым іздейді.

Адам күніне 12 000 хабарлама көреді. Бір экраннан екіншісіне ауысып, бірнеше арнадан ақпарат алады. Тіпті бір мезгілде бірнеше арнадан ақпарат қабылдайды. Алайда барлық ақпарат бірдей шындыққа сай бола бермейді. Бар деректі жылдам әрі түсінікті де қысқа түрде алғымыз келеді. Міне, сондықтан да 2014 жылдан медиакеңістікте Түсіндірме журналистикасы (Explanatory journalism, Explanatory Reporting) қарқын алып, дами бастады. Бұл — үрдістер мен оқиғалардың себеп-салдарын түсіндіру, проблемалардың мәнін иллюстрациялар, фотосуреттер мен қысқа фактілерді пайдалана отырып сипаттайтын журналистика

Қазақстандағы түрлі төтенше жағдайлар кезінде журналистер бар фактіні жалған ақпарат легіне қарсы қойып үлгермей жататынын, ауқымды да әралуан аудиторияға не болғанын түсіндіргенде қиындыққа тап келетінін байқадық. Сондықтан Internews журналистерге арнап түсіндірме журналистикасының дағдыларын дамытатын тренингтер сериясын ұйымдастыруды қолдайды

Осындай тренингтерді қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастыратын серіктес-ұйым іздейміз.

Өтініштер 2020 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.

Медиа немесе медиа-білім саласында кемі 1 жыл тәжірибесі бар кез келген коммерциялық емес және коммерциялық ұйым осы жобаның серіктесі бола алады.

Тренинг қазақ және орыс тілдерінде, офлайн форматында, 3 жұмыс күн ішінде өтуі тиіс. Қазақстан қалаларынан кемінде 30 журналист қатысып, оқуы тиіс. Ұйымдастырушы қазақ және орыс тілдерінде екі тренинг немесе ілеспе аудармашы қызметімен жалпы ортақ тренинг өткізе алады.

Қатысушыларды іріктегенде жас журналистерге басымдық берілуі тиіс, олар редакцияда, не тәуелсіз авторлар ретінде жұмыс істесе болады. Сондай-ақ қатысушыларды іріктегенде гендерлік баланс сақталуы керек.

Өтініш беруші төмендегідей ақпарат ұсынуы тиіс:

  • тренингтің алдын ала бағдарламасы;
  • медиатренерлердің біліктілігі мен тәжірибесі сипатталған тізім;
  • қатысушыларды іріктеу әдісі;
  • болжалды бюджет.

* Бағдарламада түсіндірме журналистикасы форматтарының ерекшеліктерін, тақырып таңдауды, ақпарат көздерін және оны баяндау тілін ескеру маңызды . Internews бағдарламаны әзірлеуге және медиатренерлерді табуға жәрдемдесе алады.

Тренингті 2020 жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұйымдастыру керек.

Конкурс жеңімпаздарын іріктеу екі кезеңнен тұрады:

1) Бірінші кезеңде өтініш берушілердің әлеуетін, медианарық қажеттіліктерін түсінгенін, тренингті өткізудегі инновациялық шешімдері негізінде басым үміткерлер тізімі құрылады.
2) Екінші кезеңде басым үміткерлер тізіміне енген өтініш берушілермен жоба бюджетін бірлесіп бағалау, сондай-ақ тренинг бағдарламасы бойынша әңгімелесу жүргізіледі.

Internews байқау жеңімпазын 2020 жылдың 30 наурызынан кейін хабарлайды.

Өтініш беру үшін онлайн-форманы толтырыңыз.

Қажет болса, қосымша ақпарат сұратамыз.

Барлық сұрақ бойынша kz-info@internews.org э-поштасына жазыңыз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи