Білім тақырыбындағы MediaCAMP Content Lab-қа өтініш қабылдау басталды

0
103

Teach&Share ұйымы 2020 жылдың 17-19 сәуір күндері Алматыда білім саласының проблемаларына арналған медиажобаларды дамытуға арналған Content Lab шығармашылық лабораториясын өткізеді. Лабораторияға қатысу өтініштері 15 наурызға дейін қабылданады.

Content Lab дегеніміз не?

Қатысушы командалар ұсынған жобасы бойынша үш күн қауырт жұмыс істейді. Оларға менторлар мен фасилитаторлар көмектеседі. Тренерлер дәріс оқиды, өтінішіңізге қарай шақырылатын сарапшылармен панелді дискуссиялар болады. Content Lab Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген сарапшылар мен журналистердің бір-бірімен танысып, жобаңызды жүзеге асыру үшін Internews қолдауына ие болуға мүмкіндік береді. Лаборатория қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Лабораторияға кімдер қатысады?

Қазақстанның барлық аймағындағы БАҚ редакциялары, тәуелсіз журналистер, зерттеушілер, азаматтық белсенділер, білім саласының мамандары мен сарапшылары қатыса алады. Алайда құрамында 2-ден 5 адамға дейін мүшесі бар командалардан өтініш қабылданады. Кемел команда медиа редактор, журналист, белсенді, білім саласының маманы мен сарапшыдан құралады. Алайда біз барлық команданың өтінішін қараймыз.

Қатысу шарттары қандай?

Команданың білім тақырыбына арналған нақты әрі өміршең медиажоба жоспары немесе жасап жатқан медиажобасы болуы керек. Команда сол жобасымен жұмыс істейді. Барлық қатысушы 17-19 сәуір күндері (жұма-жексенбі) лабораторияға full-time режимде қатыса алуы шарт. Сырттан келетін қатысушылардың жол және жатын орын шығындары төленеді. Команданы қазақша да немесе орысша да сөйлейтін қатысушылардан жасақтауға болады.

Қатысуға қалай өтініш береді?

1. Ең алдымен өтініш формасын жүктеп алып, толтырыңыз
2. Толтырылған өтінішті [email protected] эл.поштасына жібересіз.

Өтініш жібергенде команданың барлық мүшесі 17-19 сәуірде Алматыда өтетін Content Lab шығармашылық лабораториясына үш күн қатарынан толық құрамда қатысуға дайын екенін растайсыз.

Өтініштер 2020 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.

Байқау қорытындысын 20 наурызда e-mail арқылы хабарлайды, Internews in Kazakhstan және Teach&Share ұйымдарының әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Қатысуға және өтініш жіберуге қатысты сұрақтар туындаса, Teach&Share бағдарламалар үйлестірушісі Лейла Махмудованың + 7 708 104 02 56 (жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында) телефон нөміріне хабарласуға немесе [email protected] эл.поштасына «Сұрақ» тақырыбын қойып, хат жіберуге болады.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып отырған Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында іске аспақ.