ОқиғаларМедиасауаттылық кеші өтеді

Медиасауаттылық кеші өтеді

Карантин кезіндегі инфодемия қалай әсер етеді, цифрлық гигиена жалған ақпарат пен эмоционалды шамадан тыс жүктемелерді жеңуге қалай көмектеседі, қарапайым адамдар медиасауаттылықтың қандай бастапқы машықтарын білу керек, сыни ойлауды дамытуда фактчекингтің рөлі қандай? Міне, осы сұрақтардың барлығын медиасауаттылық кешінде талқылаймыз.
Медиатренерлердің үлкен тобы барлық тілек білдірушіні 11 тамыз күні сағат 18.00-де медиасауаттылық кешіне шақырады. Сонымен қатар төрт тренинг өтеді:

1. Айсұлу Шәйкенова (Петропавл қ.): «Пандемия & Инфодемия: жеке ақпараттық алаңды қалай қорғауға болады», 
2. Абылайхан Сыздықұлы (Алматы қ.): «Медиасауаттылық және ақпараттық гигиена»,
3. Сағындық Жанысбаев (Шымкент қ.), Гүлзира Есетова (Ақтау қ.): «Цифрлық медиасауаттылықты арттырудың 7 қадамы»,
4. Мадина Жатқанбаева (Нұр-Сұлтан Қ.): «Фактчекинг және оның азаматтық қоғамда сыни ойлауды дамытудағы маңызы».

Бағдарламасын таныстыратын тренердің барлығы «Мен – Медиа» жобасына қатысқан. «Мен – Медиа» тренерлерге арналған тренингінің оқу курсы шілде айында MediaCAMP бағдарламасы аясында өтті.

Кеш модераторы –  медиа және цифрлы сауат бойынша медиатренер, журналист, зерттеуші Мейрамхан Жәпек (Нұр-Сұлтан Қ.).

Медиасауаттылық кешіне қатысу үшін мына тіркелу формасын толтыру керек. Тіркелу барысында қай тренингке қатысқыңыз келетінін таңдай аласыз.
Алда тағы өтетін кездесулер туралы ақпарат 2020 жылдың қыркүйегінде мәлім болады.
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (#USAID) қаржылық қолдауымен Internews ұйымы іске асыратын MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында жасалған.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи