Сторителлинг онлайн-мектебіне қатысуға өтінім қабылдау басталды

0
1239

Internews Kazakhstan өткен жылы медиатренер Назгүл Қожабекованың «Әлеуметтік мәселелерді жариялаудағы мультимедиа сторителлинг форматтары» атты мультимедиа сторителлинг онлайн-мектебін ұйымдастырған болатын.

Қыркүйек айында Сторителлинг мектебі онлайн форматта жеке курс болып қайтадан ашылғалы отыр. Бұл жолы да Қазақстанның барлық қалаларынан іріктелген 25 медиа өкілі онлайн-мектепке қатысып, менторлардың көмегімен мультимедиа сторителлинг форматында жоба әзірлейді.

Курста сторителлинг құрылымы, мəтін жазу техникасы, мультимедиа құралдарын қолдана отырып түрлі форматта материалдарды беру жолдары оқытылады. Аудио, видео, датаны сөйлету, оларды видео ретінде шығару немесе сторителлинг форматында контент жасау үйретіледі. Курс соңында әр қатысушы өз бетінше сторителлинг форматында мақала жасап шыға алады.

Мектеп онлайн форматта 21-30 қыркүйек аралығында өтеді. Курс өз ішінен шағын сабақтарға бөлінген төрт модульден тұрады. Курс барысында видео сабақтар, олардың толықтырылған мəтіндік нұсқасы жəне алған білімді бекітуге арналған практикалық тапсырмалар беріледі.

Қатысушылар әр модуль соңында тапсырма орындап, кәсіби журналистер мен медиатренерлерден кеңес алады.

Онлайн мектепке жас журналистер, журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттер қатыса алады. Сондай-ақ медиа немесе қатысушының мультимедиа форматтарына қызығушылық танытуына, оқыту барысында әзірленген материалды жариялауға және ары қарай дамытуға мүдделі болуына да назар аударылады.

Қатысуға өтініш беру үшін өтінім формасын толтырыңыз. Өтініш 11 қыркүйекке дейін қабылданады. Іріктелген қатысушыларға 16 қыркүйекте хат жіберіледі. Қатысу – тегін.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, [email protected] поштасына хабарласа аласыз.

Сторителлинг онлайн мектебінің әдіскерлері және үйлестірушілері – Бэлла Орынбетова және Бақтыгүл Бурбаева.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып отырған “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында іске аспақ.