Қымбатты әріптестер,
PRESS деген жазуы бар кеудеше (жилет), жеңдегі таңғыш және жапсырмалар дайын екенін қуана хабарлаймыз.
Арнайы жиынтықты Қазақстандағы Internews өкілдігінің кеңсесіне келіп, алуға болады.
Мекенжайымыз: Алматы қ., Байзақов көш., 280 (Оңтүстік мұнара), 5-қабат.
Аймақтағы БАҚ редакцияларына да жеткіземіз.
Айта кетелік, 2020 жылдың 14 шілдесінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бейбіт жиналыстарда болатын БАҚ өкілдерінің жұмысын реттейтін жаңа ережелерге қол қойды.
Жаңа ереже бойынша бейбіт жиналыстардан ақпарат таратқанда әрбір журналистің PRESS деген жазуы бар ашық көк түсті кеудеше (жилет), не қаны сары түсті жеңдегі таңғыш, не көк түсті жапсырмасы болуы керек. Осы аталған үш айқындауыш белгінің біреуі, ТЕК БІРЕУІ, болса, журналистің айқындауыш белгісі бар болып саналады.
Бейбіт жиналыстардағы журналист жұмысы туралы мына мақаладан оқып-білесіз.
Қазақстан журналистеріне арнайы айқындауыш белгілерді дайындауға қаржылай қолдау көрсеткен Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесіне алғыс білдіреміз.
Қазақстандағы Интерньюс өкілдігі журналистерге арнайы айқындауыш жиынтықты әзірлеу және ұйымдастыру ісіне көмектескені үшін серіктестеріне: Қазақстан сот журналистері лигасына, Құқықтық медиа-орталық және Қазақстан медиальянсына алғыс айтады.
Анықтама тел: 8 771 701 38 38