Медиасауат дамыту бойынша жобаларды қолдайтын грант байқауы басталды

0
1493

Медиа және цифрлы сауатты дамытуға арналған жобаларды қаржылай қолдайтын грант байқауына өтініш қабылдау басталды. Байқауға Қазақстандағы медиа, коммерциялық емес ұйымдар, қоғамдық және білім беру ұйымдары, қауымдастықтар қатыса алады.

  2021 жылы мына бағыттағы жобаларға грант беріледі:

  • Медиа және цифрлы сауат тақырыбында дебаттар өткізу, визуалды құралдар мен ойындар жасау, әлеуметтік желілерге арналған қысқа видеолар түсіру, комикстер мен мемдер шығару;
  • Медиа және цифрлы сауат тақырыбының аясында қазақ, орыс тілдеріндегі брошюралар мен бүктемелер (буклеттер) жасап, тарату (мәселен, өңірдегі медиасауат фестивалін өткізу барысында қоғамдық көліктерде, пошта қызметі арқылы және т.б).

Барлық жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2021 жылғы наурыз – тамыз аралығы. 

Internews өкілдігі жобаны дайындау, жүзеге асыру барысында қаржылай және кеңес беру бойынша қолдау көрсетеді.

Өтініштер 2020 жылғы 20 желтоқсан, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 24:00-ге дейін қабылданады.

Өтініш формасын толтыру үшін сілтемеге өтіңіз.

Жақсы бағаланған өтініш иелерін аймақтық MediaCAMP Эдьютон 2021 онлайн шарасына шақырамыз. MediaCAMP Эдьютон шарасы 2021 жылғы 2-6 ақпан аралығында өтеді. Қатысушыларға тәжірибелі менторлар жетекшілік етіп, жобаларын қаржыландыру мақсатында байқау шарттарына сай жетілдіріп, дамыта алады.

2021 жылы медиа және цифрлы сауатты дамытуға арналған жобалар туралы толығырақ білгіңіз келсе, 2020 жылғы 8 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де өтетін инфосессияға шақырамыз.

Internews өтініштерді қарап, 2021 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей шешім шығарады. Байқау қорытындысы жайлы ақпаратты 2021 жылғы 12 қаңтардан кешіктірмей барлық өтініш жіберушінің эл.поштасына жолдайды.

Медиа және цифрлы сауатты дамытуға арналған жобалар бойынша қандай да бір сұрақ туындаса, Central-Asia-Applications@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбын “Медиасауат бойынша жобалар” деп көрсету керек.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Ұйым туралы толығырақ мағлұмат: Жаһандық InternewsҚазақстандағы Internews.