Internews Ғылыми журналистика мектебін өткізуге серіктестер іздейді

0
237

Internews өкілдігі 2021 жылғы 18-29 қаңтар күндері Орталық Азияда алғаш рет Ғылыми және медициналық журналистика мектебін өткізеді. Ғылым мен медицина саласында қызмет ететін редакторларды, ғылым дәріптеушілерін, медиа және қоғамдық ұйымдарды серіктес болуға шақырамыз. Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстандағы серіктестер байқау арқылы іріктеледі.

Мектеп бағдарламасы Internews сарапшылары мен серіктестерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде дайындалады. Жоспарлауымызша, оқу бағдарламасы Internews тарапынан шақырылған сарапшылар серіктес ұйым тренерлерімен бірге өткізетін 14 интерактив сабақтан құралады.

Серіктес ұйымдардың қызметкерлерінен мынадай құзыреттіліктер күтеміз:

  • қазақ және/немесе орыс, тәжік, өзбек тілдеріндегі медиада редактор тәжірибесінің болуы;
  • медиатренер, тренинг авторы ретінде тәжірибесінің болуы;
  • ғылым мен медицина саласынан хабардар болуы;
  • сарапшылар мен аудармашыларды тарту мүмкіндігі;

Егер серіктес ұйымдардың қызметкерлері бұған дейін басқа елдерде өткізілген Ғылыми және медициналық журналистика мектептеріне осы бағыттар бойынша қатысқан болса, онда мұнысы құпталады. Серіктестерге қаржылау қолдау көрсетіледі.

Серіктестердің осы мектепке қатысуы олар үшін онлайн-оқытудың жаңа стандарттарымен танысу тренингіне айналады. Мектептегі оқу орыс тілінде өтеді, қазақ, тәжік, өзбек тілдеріне синхронды аударма жасалады. Серіктестердің сарапшылары қосалқы тренер ретінде қазақ, тәжік және өзбек тіліндегі топтармен жұмыс істейді. Оқыту аяқталғаннан кейін серіктес ұйымдардың сарапшылары ақпан айында қатысушыларға тәлімгер болады.

Алғаш рет өткізілетін Ғылыми және медициналық журналистика мектебіне серіктес ретінде қатысу олардың осы бағыттар бойынша ана тілінде авторлық бағдарламалар жасауына мүмкіндік береді.

Байқауға қатысу үшін онлайн-өтінішті 2020 жылғы 14 желтоқсанға дейін толтырыңыз. 16 желтоқсанда қорытындысы шығады.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.