Internews өкілдігі «Деректі кино мектебі. Қысқа метр» мектебін бірлесіп өткізуге серіктестер іздейді.
1 наурызда Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанда «Деректі кино мектебі. Қысқа метр» аймақтық мектебін бастаймыз. Қатысушылар шығармашылық идеясын жүзеге асырып, қысқа деректі фильм (хронометражы: 15 минутқа дейін) түсіру мүмкіндігіне ие болады.
Деректі фильм түсіретін студиялар, продакшен-студиялар, медиакомпаниялар мен ҮЕҰ-дарды мектептің оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыруға шақырамыз.
Байқауға келіп түскен өтініштер негізінде Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан серіктестер іріктеледі және өз елінде Internews-пен бірлесіп, мектеп жұмысын ұйымдастыруға серіктес ретінде қаржылай қолдау алады.
Мектеп бағдарламасын Internews сарапшылары, серіктестері мен тренерлері бірігіп дайындайды.
Internews серіктестерді іріктеу барысында мына критерийлерге мән береді:
- оқу процесін сапалы басқаруға және қатысушыларға кейін де тәлімгерлік ететін кәсіби әрі тәжірибелі команда;
- өз еліндегі деректі кино саласы жұлдыздарын, сарапшылар мен тренерлерді, аудармашыларды тарта алуы;
- сапалы видеоконтент жасау және соны таратып-таныту процесін түсінуі. Аймағыңыздағы деректі кино саласында құзыреттілігі болуы, ұлт тілдерін білу (қазақ, тәжік, өзбек)
Егер серіктестер бұған дейін басқа елдерде деректі кино өндірісі бойынша оқып-үйренген болса, бұл оған артықшылық береді.
«Деректі кино мектебі. Қысқа метр» мектебіндегі оқу онлайн және офлайн форматтарда өтеді. Әр елден 1-3 адамы бар төрт командаға дейін қабылданады. Мектеп қатысушылары онлайн-режимде тренерлердің, жұлдыздар мен әр елден шақыртылған сарапшылардың дәрісін тыңдап, олармен араласып, әңгімелеседі (әр мемлекеттің ұлттық тіліне ілеспе аударма жасалады). Әрі қарай оқыту процесі офлайн-режимге ауысып, топтар ұлттық тілінде жұмыс істейді. Оқу аяқталған соң қатысушы-командалар хронометражы 5-15 минуттық дайын фильмдерін көрсетеді. Серіктестердің тағы бір міндеті — жұмыс аяқталғанға дейін қатысушыларға қажет тәлімгерлікті қамтамасыз ету.
Қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз.
Өтініштер 2021 жылғы 5 ақпанға дейін қабылданады.
Іріктеу нәтижесі 2021 жылғы 10 ақпанда жарияланады.
Қандай да бір сұрақ туындаса kz-info@internews.org электронды поштасына хат жазыңыз.
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.