Internews өкілдігі Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы ақпараттық арналарына аудит жүргізетін серіктес іздейді. Аудит мақсаты — аталған елдердегі “MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасының” сыртқы коммуникация тиімділігін бағалау.
Аудит жүргізетін серіктес байқау арқылы анықталады (жеке немесе заңды тұлға: маман немесе зерттеу агенттігі).
Серіктестің міндеттері:
- Internews-пен бірігіп, аудит жүргізу әдістемесі мен форматын дайындау, бекіту;
- Аудармашылар жалдау (қажет болғанда) және олардың жұмысын үйлестіру;
- Далалық кезең өткізу, талдау және аралық кезеңде тапсырыс берушіге таныстыру;
- Сыртқы байланыс стратегиясын жетілдіру бойынша қорытынды ұсыныстар жасау;
Талаптар:
- Халықаралық және жергілікті ұйымдарға, компанияларға маркетингтік, әлеуметтік зерттеулер жүргізу бойынша кемі 5 жылдық тәжірибесі;
- Аймақ деңгейінде жұмыс істеу, Орталық Азия бойынша аймақаралық зерттеулер жүргізу тәжірибесі
- Орталық Азия медианарығын білуі;
- Аймақта соңғы 3 жылда жүргізілген медиа зерттеулерден хабардар болуы;
- Ұйымдастырушылық қабілет, материалды таныстыра білуі, қарым-қатынас жасай алуы;
- Аналитикалық ойлау мен статикалық деректерді өңдеу машығы.
Техникалық тапсырманы kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазып, сұратуға болады.
Байқауға қатысу үшінkz-info@internews.org эл.поштасына мына құжаттарды жіберу керек:
- Ілеспе хат;
- Өтініш берушінің резюмесі, команда мүшелерінің резюмесі (егер команда жасақталса)
- Бұған дейін жасаған ұқсас бағалау жұмыстарыңызды көрсетіңіз;
- Бюджет ұсынысы
Өтініштер kz-info@internews.org эл.поштасына 2021 жылғы 28 наурыз, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Хат тақырыбын “Коммуникациялық аудит жүргізуге өтініш” деп жазыңыз.
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.