БайқауларМемлекеттік құрылым баспасөз хатшыларының кризис жағдайда жұмыс істеу тренингіне тіркелу басталды

Мемлекеттік құрылым баспасөз хатшыларының кризис жағдайда жұмыс істеу тренингіне тіркелу басталды

Сот репортерлері лигасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік құрылымдар баспасөз-қызметінің жұмысы бойынша тренинг өткізеді. Тренингтер USAID қолдауымен Internews жүзеге асыратын “MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге асады.
Тренингке Қазақстанның 7 аймағы: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Орал, Қарағанды, Петропавл, Өскеменнен баспасөз-хатшылары мен ақпаратқа қол жеткізу құзіретіне ие тұлғалар қатыса алады. Тренингтер ZOOM платформасында онлайн өтеді.
Қазақ және орыс тілдерінде болады.

Тренинг тақырыптары:
— “Ақпаратқа қол жеткізу туралы” ҚР Заңындағы соңғы өзгерістер;
— Антикризис коммуникация дегеніміз не? Дағдарысты елемеуден гөрі оны басқару неліктен оңай?
— Дағдарыс жағдайында тиімді коммуникация орнату және дағдарыс жағдайын бақылауға алу, оны басқару туралы баспасөз-хатшыларына арналған ұсыныс-кеңестер;
— Журналистердің құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде ТЖ мен митинг кезінде, реттейтін Қазақстан заңнамалары. Баспасөз хатшылары не білуі керек;
— Әлеуметтік желілердегі кризис коммуникациясы, баспасөз-хатшылары не білуі керек?

2, 3, 4 наурыз күндері сағат 16:00-18:00 аралығында барлық аймаққа арналған сабақ өтеді. ҚР АҚДМ Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рахимов, Қазақстандағы Internews өкілдігінің заңгері Ольга Диденко, Коммуникация индустриясы қауымдастығының кеңес төрағасы Артурас Ионкус (Литва)дәріс оқып, презентация жасайды.
Қазақстан баспасөз клубының төрағасы Әсел Қараулова дәріс оқиды, аймақтардағы баспасөз қызметінің кризис жағдайындағы жұмысына мониторингін таныстырады. Бұл мониторинг осы тренингке арнайы дайындалған.
9, 10, 11 наурызда аймақтарда жұмыс істейтін баспасөз хатшылары мен журналистердің бірлескен практикалық сабағы болады. Практикалық сабақтарды Татьяна Ковалева (Сот репортерлері лигасы) және медиаконсультанттар Ольга Каплина мен Салтанат Әскербекқызы өткізеді.

9 наурыз
11.00 — 13.00 Қарағанды

16.00 — 18.00 Алматы

10 наурыз

11.00 — 13.00 Орал

16.00 — 18.00 Нұр-Сұлтан

11 наурыз

11.00 — 13.00 Шымкент

14.00 — 16.00 Өскемен

16.00 — 18.00 Петропавл

Тренинг қатысушыларына сертификат беріледі. Тіркелу үшін 2021 жылғы 1 наурызға дейін өтінішті толтырыңыз. Тренинг өтетін ZOOM сілтемесін электронды поштаға жібереміз.

Қандай да бір сұрақ туындаса, телефон нөміріне хабарласыңыз: 8 702 694 94 41 (Анастасия, Сот репортерлері лигасы).

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи