Оқиғалар«Орталық Азия әлемге ашылды». Ирина Медникова қыркүйекте өтетін MediaCAMP Fest туралы айтып...

«Орталық Азия әлемге ашылды». Ирина Медникова қыркүйекте өтетін MediaCAMP Fest туралы айтып берді

2021 жылғы 10-12 қыркүйекте MediaCAMP Fest Орталық Азия онлайн-фестивалі өтеді. Биылғы фестиваль ұраны — «Азияда жасалған!». Internews өкілдігінің аймақтық бағдарламалар үйлестірушісі Ирина Медникова фестиваль бағдарламасы, Орталық Азия журналистикасының жұлдыздары, бір-бірінен оқып-үйрену тренді туралы айтып берді.

Биылғы MediaCAMP Fest фестивалін «Азияда жасалған!» ұранымен өткізу идеясы неден туындады? 

— Internews командасы Орталық Азиядағы медиаға көп жылдан бері қолдау көрсетіп, оқыту, жергілікті контент жасау және стратегиялық даму бойынша көмектесіп келеді.

Соңғы жылы Орталық Азия аймағына мәдениет саласы өкілдерінің — stand up шоу қатысушылары, эстрада орындаушылары, диджейлердің назары ауды. Ойын-сауық пен инфотеймент әрдайым үлкен аудиторияның сұранысына ие, алайда қазіргі таңда бұл жай ғана ойын-сауық шеңберінен шығып жатыр. Өйткені стендап пен ән авторлары баршасын толғандыратын мәселелерді талқылайды. Әнші Манижа әндеріндегі әйелдер құқығы және тұрмыстағы зорлық-зомбылық тақырыбы өте қызу талқыланып, «Ирина Кайратовна» тобының пандемияда басталғанда қоғамда туындаған бейберетсіздік туралы шынайы баяндағанын аудиторияның қалай қолдағанын көбіміз ұмытпасақ керек.

Бұл — өте маңызды тренд. Журналистердің әлеуметтік месседждерді танытуын қуаттайтын одақтастары пайда болды. Орталық Азия әлемге осы тұрғыдан, яғни ақылға салып, шешуге тырысатын проблемамыз және қиыншылықтарымызбен, күллі әлеммен үндесетін құндылықтарымызбен ашылып, танылып жатқанын көріп отырмыз.

Осы трендті қолдап, фестивалімізді Орталық Азия журналистерінің жұмысына арнайтын болдық. Бәлкім, олардың бәрі бірдей танымал емес болар, Юрий Дудьтің бағдарламасына қонақ болмаған шығар, Eurovision сахнасына шықпаған болар, олардың материалы әрдайым миллиондаған қаралым жинамайтын шығар, бірақ олар күнделікті проблемаларды айтып, басқарушы билікке жеткізіп, адамдарды құтқарады. Бұған батылдық қажет. Құрметке лайық ауыр іс. Фестивалімізде Орталық Азияның журналистері не істегенін айтқымыз келеді.

2021 жылғы фестивалдің бағдарламасында қандай қызық тақырыптар бар?

— Бағдарламадан соңғы бір жыл ішінде Орталық Азияда сәтті жүзеге асып, тамаша жетістіктерге жеткен ондаған жобаның авторларын тыңдаймыз. Әзірге олардың есімін құпия ұстайын.

Эстония сарапшыларымен бірге медиасауат, дәлірегі миымыз әлемнің бейнесін қалай жасап алатынын талқылаймыз. Қызық пікірталас болмақ. Әдеттегідей дәстүрлі медиа-бастаңғы, сегіз тренинг өткіземіз. Деректі кино мектебі түлектерінің бірнеше деректі фильмін көреміз.

Internews Медиатұтыну зерттеуінің қорытындысын жариялайды. Аудитория қандай ақпаратты тұтынатынын, ақпаратты қайдан іздейтінін, медиасауат деңгейі қандай екенін, қандай медиаға көбірек сенетінін, сапалы контент үшін ақы төлеуге дайын ба, жоқ па, соны білеміз. Тап қазір Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанда зерттеу жүріп жатыр. Зерттеу қорытындысы фестиваліміздің қатысушыларына бірегей сый болмақ. Бұған қоса креатив идеяларды қалай ойлап, табуды үйрететін арнайы сессиямыз болады. Азияның сапалы контентін молайтатын жаңа медиажобаларды қалай жасауға болатынын айтамыз.

Орталық Азия аймағының өз жұлдыздары шығуы үшін не істеу керек?

— Журналистиканы жүрек қалауымен істейтін, кәсібіне адал әрі жұмысын сапалы істейтін адамның бәрі де мен үшін жұлдыз. Адамның өмірлік мұраты, редакция мақсаты, дамытатын шарт-жағдай сәйкессе ғана журналистикаға келуі керек. Егер редактор лидер болса, онда кәсіби мамандар өсіп-шығады.

Шетелдік жұлдыздардан оқып-үйренуге дағдыланып қалдық. Бір-бірімізден үйренуді қалай қалыптастырамыз?

— Жұлдыздар тым алыста. Біздің жағдайымызда олардың сәттілігін қайталау да қиын. Аудиторияңызға не өтетінін түсіну үшін аймағыңыздағы әріптестеріңіздің жұмысы мен жобаларын бақылау керек.

Мәселен, Орталық Азияның бірнеше елінде медиа екі тілдегі контент жасайды. Әуелі аударады, кейін келе-келе екі тілде — қазақ және орыс тілдерінде, тәжік және өзбек тілдерінде бірегей контент жасауға толықтай өтеді. Монотілді мемлекеттің ешбір сарапшысы қос тілде контент жасауға ауысатын болсаңыз, контентті аудиторияға қалай танытуға, аудиторияны қалай тартуға болатынын айтып бере алмайды.

Биыл фестиваль бастан-аяқ онлайн өтеді. Бір жағынан, онлайн-форматтан да шаршадық. Алайда қазір бәрі тез өзгеріп, қарқынды дамып жатыр, айналамызда не болып жатқанын түсіну үшін ай сайын пікір, идея алмасып, оқып-үйренуіміз керек. Журналистер бүкіл қоғамға ақпарат жеткізуші болған соң олар үшін де бұл өте маңызды. Ал онлайн-форматтың артықшылығы — әлемнің қай елінде жүрсеңіз де телефон не компьютер экранынан не болып жатқанын оңай көруге болады.

Жобаны АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында Internews жүзеге асырады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи