Оқиғалар«Азияда жасалған!» ұранымен өтетін III Орталық Азия MediaCAMP Fest фестиваліне тіркелу басталды

«Азияда жасалған!» ұранымен өтетін III Орталық Азия MediaCAMP Fest фестиваліне тіркелу басталды

Internews ұйымы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан журналистерін MediaCAMP Fest фестиваліне шақырады.

Аймақтағы бес республиканың тұрғындарын мазалайтын тақырыптар жайында әңгімелесеміз. Фестиваліміз Орталық Азия журналистері мен блогерлері осынау қиын кезеңде аудиторияны хабардар етіп отырған маңызды оқиғалар, кейіпкерлер туралы хикаяларға арналады. 

MediaCAMP Fest 10-12 қыркүйекте онлайн форматта (Zoom) өтеді. Facebook және YouTube-тегі парақшаларымызда тікелей эфир көрсетіледі. 

Фестивалге қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз. Тіркелуде көрсеткен эл.поштаңызға трансляция сілтемесін жібереміз.

MediaCAMP Fest дегеніміз не?

MediaCAMP FestОрталық Азия журналистеріне арналған жыл сайын өтетін мереке. Фестивалде жаңа медиажобаларды атап, әріптестеріміздің жеңісін тойлатамыз, үздік материал авторларын марапаттаймыз. Ескі достармен кездесіп, жаңа достар табамыз. Биыл фестиваль үшінші рет өтеді. Содан бері медиадағы жетістіктеріміз бен проблемаларды талдайтын, тәжірибе бөлісіп, дамуымызды талқылайтын алаңшаға айналды. 

Internews ұйымы MediaCAMP Fest фестивалін 2019 жылдан бері ұйымдастырады. Фестиваль сайтынан бұған дейінгі фестиваль бағдарламасын, сарапшылар презентациясының видеосын көруге болады. 

Фестиваль бағдарламасынде не бар?

Аймақтағы бес республиканың мықты мамандары Орталық Азиядағы медианың трендтері туралы әңгімелейді, шетелдік әріптестер жаһандық журналистикадағы тәжірибесін бөліседі. 

Фестиваль қатысушылары ана тіліндегі контентті талдайды. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан журналистері мен блогерлерінің кәсіби қызметінде туындаған мәселелердің шешімін бірігіп іздейді. Былтыр бәрімізді таңғалдырып, шабыттандырған кейіпкерлер туралы бір-бірімізге айтып, бес республиканың медиасы ұшырасқан қиындықтарды еске түсіреміз. 

Контент жасаудың заманауи машықтарын үйретеміз, аудиториямен қалай жұмыс істеу, аудиторияны тарту жөнінде айтамыз. Медиа және цифрлы сауат туралы әңгімелеп, журналист әріптестеріміз түсірген аймақтық деректі фильм көрсетеміз. 

Аймақтағы үздік медиажобаларды таныстырып, авторларын Орталық Азия журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттаймыз. 

Фестиваль 10-12 қыркүйек, таңғы сағат 10:00-да басталып, кешкі сағат 18:00-де аяқталады. Онлайн-трансляцияны Facebook, YouTube-тегі парақшаларымыздан көріп, фестиваль біткеннен кейін видеожазбасын алуға болады. Тіркелген қатысушылар түрлі сессияларды ана тілінде ілеспе аудармамен тыңдай алады. 

Қандай да бір қосымша сұрақтарыңыз болса, бізге хат жазыңыз: kz-info@internews.org 

Жобаны АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында Internews жүзеге асырады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи