БайқауларБайқау: Қазақстан медиасына арналған құқықтық ортаны жақсарту

Байқау: Қазақстан медиасына арналған құқықтық ортаны жақсарту

Internews ұйымы MediaCAMP бағдарламасы аясында грант байқауын жариялайды.

Қазақстан медиасына қолайлы құқықтық орта құруды негізгі міндеттеріміздің бірі деп білеміз. Сондай кезде ғана оқырман, көрермен мен тыңдарман сенетін, қызық әрі сұранысқа ие контент жасауға болатынына сенеміз.

Қолайлы құқықтық ортаның дамуына қолдау көрсете отырып, пікір білдіру еркіндігі, сөз бостандығы, ақпаратқа қол жеткізу құқығын қорғау мен БАҚ жұмысына ықпал ететін медиа және сабақтас құқықтар бойынша заңнамаларды жақсарту бағытында жұмыс істейтін қазақстандық қоғамдық ұйымдарға арналған гранттар байқауын жариялаймыз. Ұйымның осы саладағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы керек. Өтініш беруші бір не бірнеше бағытты таңдай алады. 

Ұсыныстарыңыз бен тәжірибеңіз болса, байқауға қатысуға шақырамыз.

Серіктесімізге ұсынарымыз:

  1. Мамандарды өз саласынан медиа бойынша оқыту, мәселен, медиақұқық және соны қолдану ісіне маманданғысы келетін медиазаңгерлер мен заң факультетінің студенттерін оқыту;
  2. Журналистерді, журналистика факультетінің студенттері мен оқытушыларын медиақұқық мәселелері бойынша оқыту;
  3. Заңнаманы жетілдіруге арналған құқықтық нормалар мен ұсыныстарды әзірлеп, Қазақстанның құқықтық ортасына таныту;
  4. Журналистер мен редакцияларға, медиа саласының мамандарына ұдайы консультатив көмек көрсету;
  5. БАҚ-та жоба туралы ақпарат науқанын жүргізіп, әлеуметтік желілерде таныту.  

Қалай өтініш беруге болады?

Онлайн-өтінішті толтырып, жоба бюджетін жүктеуге болады.

Өтініштер 2021 жылғы 18 қараша, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-ге дейін қабылданады.

Жеңімпаздарды іріктеу жөніндегі сараптамалық кеңес медиақұқық саласының тәуелсіз қазақстандық және халықаралық мамандарынан жасақталады. 

Бағалау критерийлері: жоба өтінішінің жоғарыда жазылған талаптарға сай болуы, ұйымның мұндай жұмыстарды атқару тәжірибесі және оқу орындарымен тұрақты іскерлік байланыста болуы, жоба аясында оқытуға арналған өзекті тақырыптар. 

Қажет болған жағдайда, өтініш берушілерден қосымша ақпарат сұратамыз. Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. 

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады. Ұйым туралы толығырақ: Әлемдік Internews, Қазақстандағы Internews.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи