Деректі кино түсіретін авторлар мен режиссерлерді, тәуелсіз видеомейкерлер мен тележурналистерді «Деректі кино-2022» мектебінде оқуға шақырамыз. Мектепте деректі киноның түп-тамырына бойлап, жанр заңдылықтарын танып-білесіз. Кинематография тұрғысынан ойлап, таңдаған форматта шағын деректі фильміңізді түсіресіз.
Internews қолдауымен ұйымдастырылатын Деректі кино мектебі 2022 жылғы қаңтарда онлайн форматта басталып, Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда онлайн/офлайн форматтарда өтеді.
Мектеп бағдарламасы екі кезеңнен тұрады:
- Теория: белгілі документалистер мен халықаралық тренерлер бес апталық интенсив курс өтеді. Үй тапсырмалары, уоркшоптар, кинокөрсетілімдер, талқылаулар болады;
- Практика: Қатысушылар өзі фильмін түсіріп, монтаждап, дайындайды. Бұған 2 ай уақыт беріледі. Оларға мектеп тренерлері мен тәлімгерлері жетекшілік етеді.
Мектептегі теориялық және практикалық сабақтарды өтетін тренерлер мен тәлімгерлер Англия, АҚШ, Ресей, Франция, Чехия, Мысыр, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан шақырылады.
Деректі кино мектебіне Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанда деректі фильм түсіруді жаңа бастаған кәсіби мамандар қатыса алады. Өтініш берушінің түсіргісі келетін деректі фильм идеясы, аздаған тәжірибесі, видеоконтент жасаудың негізгі машықтарын білуі және меншігіндегі не уақытша алуға болатын қажет құрал-жабдығы болуы керек.
Бірнеше түлек байқау негізінде фильмін аяқтауға қаржылай қолдау алады.
Жекелей не команда атынан өтініш беруге болады.
Мектептегі оқу орыс тілінде өтеді.
Қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз.
Өтініштер 2022 жылғы 5 қаңтар, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-ге дейін қабылданады.
Алдын ала іріктеуден өткен қатысушылармен жеке әңгімелесу болады.
«Деректі кино — 2022» мектебін Internews бастамасымен серіктестер командасы — 24fps (Қазақстан), «Дидор» қоғамдық қоры (Тәжікстан), Эльер Нематов (Өзбекстан) ұйымдастырады.
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.