ОқиғаларАзаматтық журналистер желісін құруға гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды

Азаматтық журналистер желісін құруға гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақстан мен Тәжікстанда азаматтық журналистер желісін құруға гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауға Қазақстан (20) мен Тәжікстаннан (11) барлығы 31 өтініш келіп түсті. 

Қазақстан мен Тәжікстан медиасарапшыларынан тұратын халықаралық қазылар алқасы үміткерлерді мына 7 критерий бойынша бағалады: 

  • медианың орнықтылығы;
  • азаматтық журналистермен жұмыс істеу тәжірибесі;
  • сол медиада / сол аймақта компонент мақсаттарына жету тұрғысынан азаматтық журналистер желісін құрудың қажет екенін нақты негіздеу;
  • журналистерді оқыту тәжірибесі;
  • Internews-тің грант қолдауынсыз орнықтылыққа жету жоспары;
  • азаматтық журналистерді оқытуға дайын болуы;
  • азаматтық журналистерді тарту және таңдау бойынша нақты стратегиясы;

Жеңімпаздар тізімі:

Қазақстан

  • Tilshi.kz
  • Qazaq Times ақпарат агенттігі
  • Minber.kz
  • Elitar.kz

Тәжікстан

  • Тәжікстан журналистік зерттеулер орталығы, «Сугднюс» АА
  •  «Хома» қоғамдық ұйымы
  • «Манавият» ҮЕҰ / Муассисаи ғайридавлатии нашрияи «Маънавият»
  • «Дунё плюс» радиосы

Жеңімпаз редакцияларға қолдаудың мына түрлері ұсынылады:

  • азаматтық журналистер желісін үйлестірушілерді қаржылай қолдау;
  • бастапқы кезеңде азаматтық журналистер желісіне қатысушылардың гонорарын төлеуге грант;
  • құрылған азаматтық журналистер желісін үйлестірушілерге қашықтан тәлім беру;

Қандай да бір сұрақ туындаса, мына эл.поштаға жазыңыз:

Қазақстан: kz-info@internews.org
Тәжікстан: tj-info@internews.org

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады. 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи