HomeГранттарInternews «Азаматтық журналистер» жобасына серіктестер іздейді
ГранттарInternews «Азаматтық журналистер» жобасына серіктестер іздейді

Internews «Азаматтық журналистер» жобасына серіктестер іздейді

Internews ұйымы 2021-2022 жылдарға Қазақстан мен Тәжікстандағы медианың «Азаматтық журналистер» жобасына қатысуына арналған іріктеу байқауын жариялады. Жобаның басты мақсаты — Қазақстан мен Тәжікстанның тәуелсіз медиасының азаматтық журналистер желісін құру және дамытуын қолдау.

Үш жылда бұл жобаға Қазақстан мен Тәжікстанның барлық аймағынан 34 кәсіби медиа, журналистік тәжірибесі мен білімі жоқ, бірақ маңызды оқиғалар туралы жұртшылықты хабардар етіп, өзі тұратын қауымның өмірін өзгерткісі келетін 120-дан астам азаматтық журналист қатысты.

Internews жаңа маусымда Қазақстан мен Тәжікстандағы 12 медиаұйымға (әр елден 6 медиаұйым) қолдау көрсетеді.

Жоба аясында мынадай қолдау қарастырылған:

  • Редакциядағы азаматтық журналистер желісінің үйлестірушісін қаржылай қолдау;
  • Бастапқы кезеңде желі қатысушыларының гонорарын төлеуге грант;
  • Құрылған желі үйлестірушілеріне қашықтан тәлім беру;
  • Азаматтық журналистерді қашықтан оқыту.

2021 жылы Internews сарапшылары жоба қатысушыларына журналистика негіздері, мобайл құрылғымен фотовидео түсіру, медиасауат, медиақұқық және тағы басқа машықтар бойынша оқыту-үйрету вебинарларын өткізді.

Апта сайын жоба кураторлары мен журналистері жиналыстарға және онлайн-кездесулерге қатысып, тәжірибе бөлісіп, әріптестеріне сұрақ қояды.

2021 жылы жоба қатысушылары, яғни Қазақстан мен Тәжікстандағы медиа бірегей арнайы жоба жасады. Internews жыл сайын ұйымдастыратын MediaCAMP Fest 2021 халықаралық фестивалінде үздік азаматтық журналистер марапатталды.

Егер сіз де жобаға қатысып, азаматтық журналистер желісін дамытқыңыз келсе, байқауға өтініш жіберіңіз. Күтеміз.

Қалай өтініш береді?

  1. Негіздеме хат жазып, «медиаңыз “Азаматтық журналистер” жобасына неліктен қатысуы керек» деген сауалға жауап беріңіз.
  2. 2021 жылғы 14 желтоқсан, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 24:00-ге дейін онлайн-өтінішті толтырыңыз.

Internews 2021 жылғы 21 желтоқсаннан кешіктірмей шешім қабылдайды. Қабылданған шешім туралы хабарламаны өтініш берушілердің электронды поштасына 2021 жылғы 25 желтоқсанға дейін жібереді.

Қандай да бір сұрақ туындаса, мына эл.поштаға хат жазыңыз:

Қазақстан: kz-info@internews.org
Тәжікстан: tj-info@internews.org

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Популярные статьи