«Үздік азаматтық журналистер-2021» байқауының жеңімпаздары анықталды

0
850

2021 жылғы 12 қыркүйек күні кешкісін MediaCAMp Fest 2021 медиафестивалі аясында Internews өкілдігінің «Азаматтық журналистер» жобасы бойынша ішкі байқаудың қорытындысы жарияланды.

Қазақстанның солтүстігіндегі шалғай емханада емделген кісінің не айтары бар?

Қалаңыздағы құбырларды оқшаулау үшін не істеу керек?

Қазақстан өңірлерінде мал неліктен қырылып жатыр?

Internews азаматтық журналистері қозғайтын тақырыптар әрдайым нақты бір адамның шын оқиғасымен байланысты болады. Үлкен медианың назарына түсе бермейтін адамдардың өмірін қамтиды.

Азаматтық журналистер медиа саласының кәсіби мамандары емес. Жоба қатысушылары әдетте мүлдем басқа салада жұмыс істейді, бірақ өмір сүріп жатқан ортасын жақсы жағына қарай өзгерткісі келеді. Олар жыл бойына жазу, фотовидео түсіру, сұхбат алуды үйренеді әрі материал жасайды.

Жоба басталғалы үш жылдай өтті. Осы уақытта азаматтық журналистер 700-ден астам материал жариялады. Көбі сол өңірлердегі өмірге айтарлықтай ықпал етті. 

«Үздік аймақтық журналист» ішкі байқауы екінші рет өткізіліп отыр. Жоба қатысушылары материалдарын бір ай ішінде байқауға жолдады. Үздік материалды да азаматтық журналистер өзі таңдайды, яғни материалдарға дауыс береді. Байқауда бес номинация бар:

«Нас бьют, мы летаем» (балама аудармасы «Қысым жасаса да мойымаймыз» – ред.)
Азаматтық журналист жұмыс барысында қысымға ұшырап, журналистің кәсіби құқықтары бұзылса да еш мойымай, жауапкершілік танытқан материалға (не оқиғалар желісіне) беріледі.

«Ветер перемен» (балама аудармасы «Өзгеріс лебі» – ред.)
Әлеуметтік желілерде, қоғамда кең талқыға түсіп, ірі медианың назарын аудартқан және жалпыға жария болғаннан кейін мәселені шешуге талпыныс жасалған не көмек беруге ұласқан материал (оқиғалар желісі)

«Мы вместе» (балама аудармасы «Біз біргеміз» – ред.)
Коронавирус пандемиясы мен карантин тақырыбындағы, COVID-19 адам өмірін қалай өзгертіп, қазір не болып, қалай өмір сүріп жатқанын көрсететін материал.

«Новый поворот» (балама аудармасы «Жаңа бетбұрыс» – ред.)
Медианы дамытуға (тақырып, формат, серіктестік орнату және тағы басқа жағынан) жаңа мүмкіндіктер ашқан материал (оқиғалар желісі)

Multimedia Hero
Мультимедиа құралдарын молынан пайдалана отырып дайындалған материал (оқиғалар желісі)

Бұған қоса әрбір медиасеріктес командасындағы үздік азаматтық журналисті таңдауына болады.

2021 жылы үздік азаматтық журналист атанғандар:

1. Multimedia Hero номинациясы

Ильзира Стаканова, Қостанайда шығатын «Наша газета» облыстық апталығы. Главному маэстро — 80! материалы

Рухшона Юнусова, SugdNews. Согд: коронавирус, пандемия и туризм материалы.

2. «Новый поворот» номинациясы

Иван Павлина, Қостанайда шығатын «Наша газета» облыстық апталығы. Жанкүйерлер, спортшылар, спорт туралы мақалалар сериясы

3. «Мы вместе» номинациясы

Александр Олейник, Қостанайда шығатын «Наша газета» облыстық апталығы. Какая идея может объединить людей в борьбе с ковидом? Возможно, это любовь к ближнему. Мнение материалы

Гүлайым Ділманова, «Диапазон» газеті. Пандемия кезінде егде жастағы адамдарға көмектескісі келген ақтөбелік қыз туралы материалы.

Батыр Әбілмәжінова, Петропавловск.news ақпарат агенттігі. Коронавирусқа қарсы вакцинация процессінің қалай жүріп жатқанын баяндаған материал.

4. «Ветер перемен» номинациясы

Александр Олейник, Қостанайда шығатын «Наша газета» облыстық апталығы. Рудный қаласында оқшауланбаған құбырлар мәселесін жазып, сол мәселенің шешілуіне дейін баяндайтын мақалалар сериясы.

Арайлым Нұржанқызы, «Мінбер» ақпарат агенттігі. Жол сапасының сын көтермейтінін баяндаған материалдар циклі. Журналист мақалаларын жариялап, мәселенің шешілуіне қол жеткізді.

Әсел Молкоедова, Петропавловск.news ақпарат агенттігі. Солтүстік Қазақстанда ірі қара малы жаппай қырылып жатқаны туралы мақаласы шыққаннан кейін облыстық және республикалық телеарналардағы әріптестері журналистке қоңырау шалып, болып жатқан жағдай туралы біліп, тұрғындардың телефонын беруді өтініп, видеоны қолдануға рұқсат сұраған. Мұның барлығы тақырыпқа қоғам назарын аудартып, жауаптылар ат-тонын ала қашқан мәселенің шешілуіне әсер етіп, облыстық ветеринарлар тартылған. Енді шаруалардың өтемақы алу мүмкіндігі бар.

5. «Нас бьют, мы летаем» номинациясы

Махаббат Әуежанова, «Диапазон» газеті. Ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың уайымын жазған мақала

Үздік азаматтық журналист (Тәлімгер таңдауы)

1. Петропавловск.news ақпарат агенттігі, Қазақстан

Әсел Молкоедова

2. Қостанайда шығатын «Наша Газета» облыстық апталығы, Қазақстан

Александр Олейник

3. «Маънавият» газеті, Тәжікстан

Холбиби Баходир-заде

4. «Диапазон» газеті, Қазақстан

Азиля Арыстанова

5. «Мінбер» ақпарат агенттігі

Альфия Шамаева

Жеңімпаздар Internews дипломын және сыйлықтар алады.

2021 жылы Қазақстан мен Тәжікстанның азаматтық журналистері бірігіп, арнайы медиажоба жасады. Мұнда Қазақстан мен Тәжікстанның шалғай аудандарынан оқиғалар жинақталған.

«Азаматтық журналистер» жобасы Қазақстан мен Тәжікстандағы қоғамдық ұйым, медиа редакцияларымен серіктестік орнатып, өзара жұмыс істеуге дайын. Жобаны жүзеге асыру тәжірибесі не жобаға қатысу жайы қызықтырса, онда [email protected] эл.поштасына хат жазып, хабарласыңыз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асады.