Internews өкілдігі 2022 жылғы 17 ақпан, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де «Медиа мен қоғамдық ұйымның қайырымдылық жобалары: аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған тиімді жобаларды қалай жасауға болады?» деген тақырыпта тегін ашық вебинар өткізеді.
Кездесуде қайырымдылыққа қатысты жобаларды бастау және дамыту үшін медиа қандай стратегия мен құралдарды қолданатынын, акциялар мен кампанияларға аудиторияны қалай тартатынын, қайырымдылық саласында медиа мен қоғамдық ұйым бірігіп тиімді жұмыс істеуі үшін не қажет екенін әңгімелейміз.
Вебинарды журналист, «Такие дела» медиасының бұрынғы бас редакторы Владимир Шведов (Ресей) жүргізеді.
Вебинар Internews ұйымының аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған медиажобаларды грант қолдауы аясында өтеді. Грант байқауы туралы мұнда толығырақ жазылған.
Вебинар Zoom платформасында болады, қазақ және тәжік тілдеріне синхронды аударма жасалады. Қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз.
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.