ОқиғаларMediaCAMP Award 2022 байқауының финалистері анықталды 

MediaCAMP Award 2022 байқауының финалистері анықталды 

Орталық Азиядағы журналистер байқауының финалына бес негізгі номинация бойынша 74 автор және «Уақыт көрінісі» номинациясынан 20 фотограф, карикатурашы мен иллюстратор өтті. Оларды белгілі журналистер мен медиасарапшылардан жасақталған Ұлттық іріктеу комиссиясы таңдады. 

Биыл байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстаннан барлығы 821 өтініш келіп түсті. 

Енді финалистер өзара бәсекеге түседі, олардың жұмысы Аймақтық кезеңдегі іріктеу комиссиясының бағалауына берілді. Аймақтық кезеңдегі қазылар алқасы мүшелерінің есімі байқау қорытындысын жариялағанға дейін құпия сақталады. Бұл оларға ықтимал қысымды болдырмау үшін жасалып отыр. Ұйымдастырушылар Өзбекстан мен Түрікменстаннан қатысып жатқан авторлардың қауіпсіздігін ойлап, бұл екі елден финалға өткендердің есімін жарияламай, оларға жеке-жеке байланысуды құп көрді. Басқа үш елдегі финалистердің тізімін ұсынамыз. 

Қазақстан 

«Жастар уақыты» номинациясы

«Уақыт тынысы» номинациясы

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

«Жасампаздар уақыты» номинациясы

«Жыл тақырыбы. Жаңа уақыт» номинациясы

Қырғызстан

«Жастар уақыты» номинациясы

«Уақыт тынысы» номинациясы

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

«Жасампаздар уақыты» номинациясы

«Жыл тақырыбы. Жаңа уақыт» номинациясы 

Тәжікстан

«Жастар уақыты» номинациясы

«Уақыт тынысы» номинациясы

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

«Жасампаздар уақыты» номинациясы

«Жыл тақырыбы. Жаңа уақыт» номинациясы 

«Уақыт көрінісі» номинациясы

«Уақыт көрінісі» номинациясына өтініштер 31 шілдеге дейін қабылданды. Бұл номинацияға фотомен қоса карикатура, инфографика, коллаж суреттер ұсынуға болады. Биыл «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясына бес елдегі (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) қатысушылардан 34 өтініш келіп түсті. MediaCAMP Award ұйымдастырушылары техникалық іріктеу жүргізді. Келіп түскен өтініштердің арасында байқау шартына сай келмегені де бар. Техникалық іріктеуден кейін 42 сурет дауыс беруге шығарылды. Жеңімпазды анықтау үшін сайтқа өтіп, 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін дауыс беруге болады. 

Биылғы «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясының бір ерекшелігі — ұсынылған материалдарды аудитория ғана емес, кәсіби қазылар алқасы да бағалап, фото, карикатура не/және иллюстрация бойынша арнайы сыйлық тағайындауы мүмкін.

Байқау жеңімпаздарының есімі  MediaCAMP Fest 2022 фестивалінің 10 қазанда өтетін салтанатты жабылу рәсіміне арналған кеште жарияланып, марапатталады. 

Байқауды ұйымдастырушылар финалистерді құттықтап, фестивалдің арнайы қонағы ретінде келуге шақырып жатыр. Internews финалға өтпеген авторларға уақытын қиып, үздік материалдарын ұсынғаны үшін алғыс білдіреді. 

MediaCAMP Award үйлестірушілерінің айтуынша, үздіктерді таңдау жылдан жылға қиындап барады. 

– Байқауға ұсынылатын материалдар саны ғана емес, олардың сапасы да артып келеді. Авторлар түрлі форматта материал дайындап, ұсынады. Қазылар алқасы қызық әрі өзекті тақырыпқа ғана мән беріп қоймай, материалдардың стилін, көркем безендірілуі мен қалай ұсына білгеніне де қарайды. Биыл финалға өте алмаған авторларды келер жылы да қатысушылар қатарынан көргіміз келеді. Келесі жылы да байқауға өтініш беріңіз. Жеңімпаз атануға басты үміткердің бірі сіз болатыныңызға кәміл сенеміз!»

2022 жылғы 31 тамыз күні Ереванда белгілі медиасарапшы, ТЭФИ сыйлығының екі дүркін лауреаты, Ресей телевизиясына қосқан жеке үлесі үшін марапатталған медиамаман, Internews-тің стратегиялық даму бойынша сарапшысы, MediaCAMP Award аймақтық байқауының тұрақты төрағасы болған Манана Асламазян қаза тапты. MediaCAMP Award байқауы Орталық Азиядағы бес елдің медиасы жақсы көретін сүйікті байқауға айналуына да оның қосқан үлесі зор болды. 

Internews командасы әріптесіміздің құрметіне Манана Асламазян атындағы сыйлық тағайындады. Сыйлықты Award 2022 салтанатты марапаттау рәсімінде береді. Жақында осы сыйлықты беру ережесін егжей-тегжейлі таныстырамыз. 

Былтырғы байқау қалай өткенін білгіңіз келсе, сілтемені ашыңыз, ал MediaCAMP Award 2020 жеңімпаздары кім болғанын білу үшін мына сілтемеге өтіңіз, MediaCAMP Award 2019 жеңімпаздары мұнда жарияланған.

Бұл байқау америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауына мүмкін болды және USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Internews мазмұнына жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи