MediaCAMP Award 2021 байқауының жеңімпаздары анықталды

0
896

Жыл сайын Орталық Азия медиамамандарының басын қосатын MediaCAMP Fest 2021 фестивалі аяқталды. Үшінші рет өткізілген фестивалде Орталық Азия журналистерінің MediaCAMP Award байқауы қорытындыланып, нәтижесі жарияланды.

Үшінші аймақтық байқаудың қазылар алқасына үздік материалдарды анықтау оңай соқпады. Биыл байқауға барлығы 646 өтініш келіп түсті. Бұл — байқау тарихындағы рекорд көрсеткіш. Өйткені салыстыра қарасақ, 2020 жылы 350 материал, ал 2019 жылы 470 материал ұсынылған екен. III MediaCAMP Award аймақтық байқауының финалына Орталық Азиядан 91 журналист, блогер, фотограф пен карикатурашы өтті.

Қазылар алқасының мүшесі, медиасарапшы, қазақ журналистерін іскерлік журналистиканың қыр-сырына баулып жүрген медиатренер Әсия Акишева: «Қазақстандағы іріктеу кезеңіне үшінші жыл қатарынан қазылық еттім. Биыл алғаш рет аймақтық кезеңнің қазылар алқасына мүше болдым. Көршілес елдердегі әріптестеріміздің материалын түпнұсқадан оқып-көріп, біздің журналистермен салыстырдым. Эмоцияға берілмей, объектив шешім жасау — өте маңызды. Биыл қызық тақырып өте көп. Елімізде елеусіз қалып, айтылмай келген проблемалар, дәлірегі: тұрмыстағы зорлық-зомбылық, балаларға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық мәселесін қозғаған материалдар бар. Байқауға ұсынылған барлық материал кәсіби  дайындалған. Қызықты әрі бірегей мультимедиа жобалар, креатив шешімдер бар. Бір айта кетерлігі — сондай керемет жобаларды жасаған авторлардың дені әйел журналистер екен», — деді.

MediaCAMP Award 2021 жеңімпаздары

«Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясы

1 орын               Әлихан Сәриевтің карантин уақытында оқушылардың қашықтан қалай оқығанын көрсететін фотосуреті (Қазақстан).

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы

3 орын               Сәби Байбосыновтың тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандары туралы деректі фильмі («Хабар» телеарнасы, Қазақстан).

2 орын               Әйгерім Бегімбеттің «6 жасар баласымен 4 жыл құлдықта болған» лонгриді (Қазақстан)

1 орын               Гульнора Амиршоеваның «Дом, где живёт незабытая боль» (қазақша аудармасы: «Ұмытылмай дерт ұялаған үй» — ред.) мультимедиа жобасы («Вечёрка» медиакомпаниясы, Тәжікстан).

«Жасампаздар уақыты» номинациясы

3 орын               Назгүл Әбжікенованың жалғыз тұратын балалы әйелдерді, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен сотталған адамдарды жұмысқа орналастыратын кәсіпкер туралы хикаясы, («Караван» газеті, Қазақстан).

1 орын               Данель Ходжаеваның Қазақстанда ым-ишара тіліндегі видеоны кімдер жасайды деген материалы (Steppe басылымы, Қазақстан).

«Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі» номинациясы

3 орын               Татьяна Кудрявцева мен Мария Орлованың зерттеуі қырғыз үкіметінің коронавирус өршуіне әкеліп соққан үш қатесін талдайды, (24.kg, Қырғызстан).

2 орын               Тілек Бейшеналиев, Азат Рузиев пен Нұржамал Жәнібекованың «Коронавирус в Кыргызстане | Волонтеры кормят врачей и откачивают умирающих»  (қазақша аудармасы: «Қырғызстанда коронавирус | Волонтерлер дәрігерлерді тамақтандырып, өлім аузында жатқан адамдарды ажалдан арашалап жатыр» — ред.) материалы («Башта» Instagram-жобасы, Қырғызстан).

1 орын               Раджаб Розикзода мен Мансур Джумаевтің 2020 жылы төрт мың тәжікстандықтың неден қайтыс болғанын анықтаған зерттеуі (Asia Plus, Тәжікстан).

«Жастар уақыты» номинациясы

3 орын               Исматулло Абдуллоев ұсынған «Ваҳдат: Духтарон ба мактаб намераванд» / (қазақша аудармасы: «Вахдат: қыздар мектепке бармайды» — ред.) видеосы («Фараж», Тәжікстан).

2 орын               Наргиза Ерес, Қуаныш Жұбандықов пен Ясемин Озер ұсынған «Балаларға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық проблемасы» видеосы (Gazhaiyp медиажобасы, Қазақстан).

2 орын               Арай Жауперованың «”Өзімді қылмыскер сезіндім”: үкімет тыйым салған жұмыста істеп жүрген әйел хикаясы» деген материалы (Masa.media, Қазақстан).

1 орын               Наргиза Анарбайқызының қыз алып қашу туралы «Ажал алып келген ала качуулар. Кылмыш канткенде токтойт?» лонгриді (T-media.kg, Қырғызстан).

«Уақыт тынысы» номинациясы

3 орын               Гулирано Мусаеваның «Nahotki boricha qabul qilish shunchalar imkonsiz?» (қазақша аудармасы: «Неліктен мұны сол қалпында қабылдауға болмайды?» — ред.) материалы (Daryo.uz басылымы, Өзбекстан).

3 орын               Айсұлу Тойшыбекованың мефедронға тәуелді қазақстандықтар туралы  «”Проснулся, надо искать”: как казахстанцы подсаживаются на мефедрон» мақаласы (HOLA News интернет-басылымында жарияланған, Қазақстан).

2 орын               Джамиля Маричева, Анастасия Яцун мен Екатерина Волкованың «Как всё устроено в KZ» Instagram-жобасы (Protenge, Қазақстан).

1 орын               Анна Капушенко мен Савия Хасанованың ер адам қолынан қаза тапқан әйелдер туралы «Я бы всё равно её убил» дата-мақаласы, (Kloop басылымы, Қырғызстан).

Биылғы байқауда барлығы алты номинация бар (бұрнағы жылдары бес номинация болатын). Алтыншы номинация — «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясының жеңімпазы сайттағы ашық дауыс беру арқылы анықталды. Әлихан Сәриев түсірген фотосурет ең көп дауыс жинап, авторы жеңімпаз атанды. Ол аты-жөні алдын ала мәлім болған жалғыз жеңімпаз, өйткені сайтта дауыс беру 12 қыркүйек күні таңертең тоқтатылды.

«Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясының жеңімпазы атанған фотосурет. Авторы – Әлихан Сәриев (Қазақстан)

Арнайы жүлде алған авторлар:

1. Анна Мифтахова (Тәжікстан) – «Ему более 500 лет, о нём сложено множество легенд и живёт оно в Худжанде» материалында хикаяны баяндаудағы ерекше көзқарасы үшін марапатталды.
2. Елены Владимироваға (Түркіменстан) «Леопард был не в духе!» материалындағы көркем тіл байлығы үшін берілді.
3. Мустаҳкам Тангриёрова (Өзбекстан) – «Мой ребенок копал землю и остался под землей» материалындағы трагедия құрбандарына жанашырлығы мен биязы қарым-қатынасы үшін алды.
4. Ардақ Букеева мен Алма Омарова (Қазақстан) «Высший пилотаж» материалында тақырыпты терең зерттегені және журналистік шеберлігі үшін марапатталды.
5. Мақсатбек Осмоналиев (Қырғызстан) «Девочка и ослик» фотоматериалы арқылы ұмытылмас хикаяны баяндағаны үшін арнайы жүлдеге ие болды.
6. Юлдашева Муножатхон (Өзбекстан) «Бизнес под короной» зерттеуіндегі журналистік батылдығы мен азаматтық ұстанымы үшін алды.
7. Құтманбек Маматазимов (Қырғызстан) «Равный мир» деректі фильмінде қандай қиын әрі ауыр жағдайда да еңсесі түспейтін позитив кейіпкер бейнесін жасағаны үшін марапатталды.
8. ANATOMICÁ жобасының командасына (Өзбекстан) – «Люди с ВИЧ» материалында таптаурын түсініктерді бұзғаны арнайы жүлде берілді.

«Сіздерді құттықтаймын, қандай көңіл-күйде отырғандарыңызды жақсы түсінемін, өйткені бәріңіз өте үлкен байқаудан өттіңіздер. Дағдарыс пен пандемияға қарамастан, байқауға материалдарыңызды ұсындыңыз. Биыл былтырғыдан екі есе көп өтініш келіп түсті. Бүгін марапаттау рәсімінде аты аталмаған қатысушыларға айтарым: байқауға материал жіберіп, қатысқаныныңыздың өзі – үлкен іс. Ынталанып, кәсіби тұрғыдан өсуге ұмтылып келесіз. Дамуға деген ұмтылысыңызды қолдаймыз. Қиын уақытта байқауымызға қатысуға күш-жігер танытып, кәсібилігіңізді шыңдауға деген ынта-ықыласыңызды өте жоғары бағалаймыз», — деді Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің жетекшісі Марат Бигалиев.

MediaCAMP Award байқауы Орталық Азияда кемі тағы екі рет өтеді. Келесі байқауға өтініштер қабылдау 2020 жылы көктем мезгілінің аяғында басталады.

Бүгінгі марапаттау рәсімінің трансляциясы сақтаулы. Видеодан көруге болады.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен  MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асады.