HomeБайқауларMediaCAMP Award 2021 журналистика байқауына өтініш қабылдау басталды
БайқауларMediaCAMP Award 2021 журналистика байқауына өтініш қабылдау басталды

MediaCAMP Award 2021 журналистика байқауына өтініш қабылдау басталды

— Журналист не қоғамдық маңызы бар контент жасаушы болсаңыз, …
— Орталық Азия елдері: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы тәуелсіз не мемлекеттік медиада жұмыс істесеңіз, …
— Медиажобаңыз болса, …
— Керемет репортаж түсірсеңіз не қызық мақала жазсаңыз, …

Орталық Азия журналистері арасында өтетін MediaCAMP Award байқауына қатысыңыз.

Internews командасы байқауға өтініш қабылдау басталғанын қуана хабарлайды.
Байқауға Орталық Азия елдерінің біріндегі тәуелсіз не мемлекеттік медиада 2020 жылдың 1 маусымы мен 2021 жылдың 20 мамыры аралығында жарияланған кез келген формат пен жанрдағы (қазақ, қырғыз, тәжік, түркімен, өзбек және орыс тілдерінде) материалдар қабылданады.

Ұялмаңыз! Қорықпаңыз! Материалдарыңызды жіберіңіз.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Уақыт тынысы», «Жеңімпаздар уақыты», «Жасампаздар уақыты», «Жастар уақыты» және «Жыл тақырыбы. Пандемия кезеңі» номинацияларына өтініш қабылдау мерзімін 2021 жылдың 8 шілдесіне дейін, ал «Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» номинациясына өтініш қабылдауды 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзарттық. Барлық номинацияға өтініш қабылдау сол күні сағат 23:59-де жабылады. 

Өтініш жібермес бұрын байқау шарттарын мұқият оқыңыз. Лайық номинацияны дұрыс таңдаңыз. Егер номинацияны дұрыс таңдамасаңыз, өтінішіңізді қарастыра алмаймыз, басқа номинацияға да ауыстыра алмаймыз. MediaCAMP Award байқауының тағы да басқа ережелері бар: мәселен, байқауға шетелдік қаржы көзі бар ұйымдар, мемлекет аумағынан тыс жерде тіркелген медиа ұйым қатыса алмайды. Шетелдік медиаға қандай медиа жатады? MediaCAMP Award 2021 байқауының ережесін оқып, танысыңыз.

Байқауға қатысу үшін:
— байқау шартымен танысыңыз,
— материалыңыз бен форматты таңдаңыз;
— өтініш толтырыңыз (әрбір номинацияның сілтемесі)
— материалыңызды байқауда қолдануға рұқсат беретін хатқа қол қойып, сканерлеп тіркеңіз. Келісім хатсыз өтініш қабылданбайды. Хат үлгісін жүктеп алыңыз.

Материалдар төмендегі аталымдар бойынша бағаланады:

Былтырғы байқау қалай өткенін білгіңіз келсе, сілтемені ашыңыз, MediaCAMP Award 2019 жеңімпаздары мұнда жарияланған.

Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org эл.поштасына (тақырыбын «MediaCAMP Award 2021 байқауы бойынша сұрақ» деп көрсетіңіз) не +7 771 701 38 38 (Telegram, WhatsApp) нөміріне хат жазыңыз.

MediaCAMP Award 2021 байқауы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img