Internews ұйымы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асатын бесжылдық «Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы» аясында Орталық Азия елдерінде MediaCAMP Award журналистика байқауын өткізіп келеді. Биылғы байқау бесінші рет ұйымдастырылып, соңғы рет өтеді. Өйткені биыл MediaCAMP бағдарламасы аяқталады.
Алғашқы MediaCAMP Award 2019 жылы Тәжікстан астанасы Душанбеде (толығырақ мұнда жазылған) өтсе, екінші рет 2020 жылы онлайн-форматта ұйымдастырылып, үшіншісі 2021 жылы аралас форматта болды. 2022 жылы Алматыда офлайн өткіздік.