HomeБайқауларInternews оқу сапарын ұйымдастыратын серіктес іздестіріп жатыр
БайқауларInternews оқу сапарын ұйымдастыратын серіктес іздестіріп жатыр

Internews оқу сапарын ұйымдастыратын серіктес іздестіріп жатыр

Internews Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында халықаралық оқу сапарын (стади-тур) ұйымдастыруға ашық грант байқауын жариялады. Өтініш 2023 жылғы 15 ақпанға дейін қабылданады.

Орталық Азияның медиа саласы заңнама мен іс-тәжірибе, соның ішінде билік органдары, қоғам және БАҚ арасындағы коммуникация тұрғысынан көп өзгеріске ұшырап жатыр. Коммуникацияның озық іс-тәжірибесі мен әдістемесін ендіру мақсатында заң шығарушы, атқарушы, сот билігі өкілдері (баспасөз хатшылары) мен БАҚ арасындағы ақпараттық іс-қимыл бойынша үздік тәжірибені зерделеуге, халықтың БАҚ пен мемлекеттік басқаруға деген сенім деңгейін көтеру үшін озық мүмкіндік пен технологияны медиаға енгізуге үлес қосуға дайынбыз.

Осыған байланысты ақпараттық өзара іс-қимылды кеңейту және коммуникацияны жақсарту үшін Тәжікстан ресми органдарының баспасөз қызметі мен БАҚ өкілдерінің Қазақстанға (Астана қаласына) стади-турын ұйымдастырып, өткізуге қолдау көрсетеміз. 

Стади-турдың міндеті: 

  • Қазақстандағы қоғаммен байланысты қамтамасыз ету тәжірибесін, мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара тиімді іс-қимылын және заңнаманы зерттеп-зерделеу;
  • журналистер мен мемлекеттік орган баспасөз хатшыларының кәсіби қауымдастықтарымен кездесіп, мемлекеттік басқару органдарының қызметін БАҚ-та жариялау машығын жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу;
  • журналистер мен меморган баспасөз хатшылары жұмысының этикалық стандарттарын әзірлеу және ендіру бойынша озық тәжірибені зерделеу.

Тәжікстан мен Қазақстанда 5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан коммерциялық емес ұйымдарды ашық грант байқауына қатысуға шақырамыз. Оқыту іс-шараларын, стади-турларды сәтті ұйымдастыру және мемлекеттік басқару органдарының баспасөз қызметімен өзара іс-қимыл жасау бойынша оң тәжірибесі бар өтініш берушілер басымдыққа ие. 

Әлеуетті өтініш берушілер мына жоспарды орындайды: 

  1. жоғарыда аталған міндеттемені ескере отырып, Астана қаласына стади-турдың бағдарламасын дайындап, ұсыну.
  2. Тәжікстанның атқарушы, сот және заң шығарушы билік органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының 8 өкілінен тұратын делегация құрамын ұсыну.
  3. мемлекеттік органдар баспасөз қызметінің БАҚ-пен, қоғамдық институттармен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау, сенім деңгейін көтеру, digital ортада коммуникация жасауға арналған заманауи және тиімді құралдарды қолдану тәжірибесін зерделеу үшін Тәжікстан делегациясының Қазақстанға (Астана қ.) стади-турын ұйымдастыру. 

Серіктесті/серіктестерді іріктеу критерийлері: 

  1. Тәжікстан ресми органдарының баспасөз қызметі мен медиасының сұранысына сұранысына жауап бере алатын оқу сапарының бағдарламасы;
  2. Жобаны жүзеге асырудың нақты бюджеті;
  3. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыруда оң тәжірибе (рекомендациясы болса, құба-құп)

Оқу сапарын жүзеге асыратын мерзім – 2023 жылғы мамыр. Өтетін орны – Астана қаласы (Қазақстан)

Қалай өтініш береді?

Өтінішті Good Grants платформасында қабылдап жатырмыз. 

Ашық грант байқауына қатысуға өтініш жіберу үшін грант платформамызға тіркелу керек. Тіркелу кезінде жарамды эл.поштаңызды көрсетіңіз, өйткені барлық хабарландыруды сол эл.поштаға жібереміз. Тіркелу кезінде құпиясөз таңдау бойынша нұсқауды орындап, тіркелгеннен кейін электронды поштаңызға келген сілтемені басып, тіркелгеніңізді растаңыз. 

Платформаға тіркеліп алған соң, еліңізді және бағдарлама атауын  «Образовательная поездка для представителей пресс-служб официальных органов из Таджикистана» таңдаңыз. Толтырған өтінішіңіз бізге жетуі үшін «Отправить» жасыл батырмасын батырмасын шертіңіз. Платформаға тіркелу, өтініш толтыру бойынша қандай бір сұрағыңыз болса, мына эл.поштаға хат жазыңыз: mnazirova@internews.org

Өтініш жіберу

Қажет болған жағдайда тағы қосымша ақпарат сұратамыз. Өтініш толтырғанда сізге хабарласатын контактіні көрсетуді ұмытпаңыз. Назар аударыңыз: өтінішті 2023 жылғы 15 ақпан, Астана уақытымен сағат 23:59-дан, Душанбе уақытымен сағат 22:59-дан кешіктірмей жіберу керек. 

Бұл жоба Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауы арқасында мүмкін болып, USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтеді. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Популярные статьи