БайқауларInternews ЖОО оқытушыларына медиа-ақпараттық сауат бойынша трениң өткізуге серіктестер іздеп байқау жариялады

Internews ЖОО оқытушыларына медиа-ақпараттық сауат бойынша трениң өткізуге серіктестер іздеп байқау жариялады

Трениңдер ЮНЕСКО-ның «Медиа және ақпараттық сауатты азаматтар: сыни ойлап, ақылмен әрекет ет» оқу бағдарламасына негізделіп, қазақ және орыс тілдерінде өтуі керек.

Астанада өтетін трениңге ұйымдастырушылар Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарындағы жоғары оқу орындары оқытушыларын шақырады.

Атырауда өтетін трениңге ұйымдастырушылар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы жоғары оқу орындары оқытушыларын шақырады.

Талдықорғанда өтетін трениңге ұйымдастырушылар Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы жоғары оқу орындары оқытушыларын шақырады.

Алматыда өтетін трениңге ұйымдастырушылар Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарындағы және Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары оқытушыларын шақырады.

Екі күндік трениңдер қазақ және орыс тілдерінде гибрид форматта өтеді.
Әр трениңде кемі 20 адам оқуы керек.

Трениңдерді өткізу мерзімдері: Талдықорған мен Алматыда 2023 жылғы сәуірден кешіктірмей, Астана мен Атырауда 2023 жылғы мамырдан кешіктірмей ұйымдастырылуы керек.

Талаптары: өтініш тек заңды тұлға атынан қабылданады (ЖШС, ЖК, қор және басқа да заңды тұлға), серіктес ұйым медиасауат трениңдері мен көпшілік жиындар өткізу  тәжірибесі бар, команда құрамында медиасауат тренерлері немесе оқытушылары бар, білім берудің авторлық бағдарламасын ұсынатын ұйым болуы керек.

Internews жобаны іске асыруға қаржылай және консультациялық қолдау көрсетеді.

Байқауға қатысу үшін өтініш толтырыңыз.

Байқауға қатысуға толтырылған өтініш пен фотосуреті бар түйіндемені 2023 жылғы 15 ақпан, сағат 18.00 дейін (Астана уақытымен) жіберіңіз. Бұл үшін мына төмендегі сілтемеге өтіңіз:

Өтініш жіберу

Internews өтініштерді қарастырып, 2023 жылғы 20 ақпаннан кешіктірмей шешім қабылдайды. Өтініш жіберген барлық адамға 2023 жылдың 22 ақпанынан кешіктірмей электронды пошта арқылы хабарлама жібереді.

Қандай да бір сұрақ туындаса, мына эл.поштаға жазыңыз: kz-info@internews.org

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи