Оқиғалар«Массмедиа туралы» заң жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді

«Массмедиа туралы» заң жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді

Ертең, 8 ақпанда, сағат 11-де Қазақстан баспасөз клубында (Алматы, Самал-2, 58-үй) парламент қарауына ұсынылуы жоспарланған массмедиа туралы заң жобасы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанында құрамына 60-тан астам медиасала өкілдері, сарапшылар мен журналистер кірген жұмыс тобының мүшелері бірнеше ай бойы БАҚ туралы заң жобасының мәтінін талқылады. Түбегейлі жаңа, озық заң жасау туралы мәлімдемеге қарамастан, министрлік «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» екі ескі құжатты араластыруды ұсынды. Дегенмен жұмыс тобы мүшелері заңның заман талабына сай болуы және медиасаланың дамуына ықпал ететіндей ұсыныстар әзірледі.

Алайда ашық құқықтық актілер порталында ведомствоаралық комиссия мүшелері мақұлдап, парламентке жолданған тағы бір заң жобасы пайда болды. Аталған заң жобасының бұл нұсқасы жұмыс тобымен келісілген жоқ! 

Жаңа заң жобасы жұмыс тобында жиі талқыланған ең даулы тармақтарды өзгеріссіз қамтыған: барлық интернет-ресурсты заңда қарастыру, құқық қорғау органдарының «ерекше жағдайларда» шектен тыс өкілеттігі, БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыру жүйесінде өзгерістердің жоқтығы, журналистерді алалайтын  баспасөз картасы, аталған картаны беру мен қайтарып алу шарттары.

Жаңа заң жобасының мәтіні журналистер құқын қорғамайды, керісінше халықаралық стандарттарға қайшы келеді және Қазақстандағы медиасаланың дамуын тежейді, БАҚ саласына мемлекеттік бақылауды күшейтеді.

Спикерлер: Есенгүл Кәпқызы, «Мінбер», Қарлығаш Жаманқұлова, «Әділ сөз», Жұлдыз Әбділда, «Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі комитеті», Бақтыгүл Бурбаева, «KazMediaNetwork», Думан Смақов, «MediaNet Халықаралық журналистика орталығы», «Factcheck.kz» сайтының бас редакторы.

Онлайн қатысушылар үшін zoom сілтемесі.

Конференцияның идентификаторы: 862 8275 6009

Коды: 410162

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи