HomeБайқауларIdeaCamp2023: Әлеуметтік желіге арналған контент идеялары байқауына өтініш қабылдау басталды
БайқауларIdeaCamp2023: Әлеуметтік желіге арналған контент идеялары байқауына өтініш қабылдау басталды

IdeaCamp2023: Әлеуметтік желіге арналған контент идеялары байқауына өтініш қабылдау басталды

Қазақстандағы Internews өкілдігі жастар арасында әлеуметтік желіге контент жасауға арналған идеялар байқауын жариялады. Үздік жоба авторлары төрткүндік IdeaCamp2023 жастар лагеріне қатысып, сол жерде идеясын пысықтап, қызық медиажобаға айналдырып, іске асыруға шағын грант жеңіп алады. 

Жастар лагері Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен Internews жүзеге асыратын «Серпінді орта үшін әркелкі ақпаратпен қарым-қатынас және төзімділік (REVIVE)» жобасы аясында өтеді.

REVIVE жобасының мақсаты – Орталық Азия елдері азаматтарының жалған ақпаратқа қарсы тұрып, саналы шешім қабылдауына мүмкіндік беретін салауатты ақпараттық орта құруды қолдау.

IdeaCamp2023 деген не?

IdeaCamp2023 дегеніміз – цифрлы медиа машықтар бағдарламасы. Жастар лагерінің қатысушылары контент жасау, фактчекиң, визуализация, әлеуметтік медиамен жұмыс істеу машығын жақсартып, жетілдіреді. Шақырылған тренерлер мен сарапшылар мына бағыттар бойынша ең заманауи жаңалықтарды және тәжірибесін бөліседі: 

  • Медиасауат пен сыни пайым; 
  • Әлеуметтік блогинг концепциясы және аудиториямен жұмыс істеу;
  • Идея ойлап табу мен идеяны жетілдіруге жаттықтыратын тиімді ми шабуылы (brainstorming);
  • Сәтті әрі табысты жобаны қалай жасайды;
  • Әлеуметтік медиа: лайық платформаны қалай таңдайды және соны тиімді жұмыс істеуге пайдалану;
  • Сәтті питчиң құпиясы: қазылар алқасының жүрегін жаулап алатын идеяны қалай таныстырамыз;
  • Қолда бар дүние, яғни смартфон мен онлайн-сервистерді пайдаланып контент жасау.

Қатысушылар IdeaCamp2023 жастар лагерінің соңғы күні дайын идеясын таныстырады. Қазылар алқасы питчиң нәтижесіне қарай әлеуметтік желілерге арналған контент жасау бойынша ең креатив әрі ең инновациялық төрт жобаны таңдайды. Сол жобалардың әрқайсысын жүзеге асыруға 500 еуродан 3 000 еуроға дейін шағын грант беріледі. 

Қалай қатысады?

Жастар лагері 2023 жылғы 26-30 сәуір аралығында Алматыда өтеді. IdeaCamp2023 лагерінің негізгі жұмыс тілі – қазақ тілі. 

Егер:

  • Шағын қалада/ауданда тұрсаң не жұмысқа/оқуға келсең;
  • 18-25 жаста болсаң;
  • Өңірдегі/қалаңдағы/ауданыңдағы проблемалар мазаласа;
  • Өзіңді блогер, волонтер не азаматтық журналист ретінде байқап көрсең немесе енді өзіңді сынап көргің келсе;
  • Медиасауат, сыни пайым және әлеуметтік желілерге арналған сапалы контент өндірісіне байланысты қызық медиажобаның идеясы болса, 

онда сілтемеге өтіп, IdeaCamp2023 жастар лагеріне қатысуға өтініш жібер.

2023 жылғы 26 наурыз, Астана уақытымен сағат 18.00-ге дейін өтініш қабылданады. 

Назар аудар: өтініш толтырғанда жобаның мәнін қысқаша сипаттаған бір минуттық видеоны қоса тіркеу керек. 

байқауға өтініш жібер

Қатысушылар саны шектеулі – ең креатив жоба ұсынған 20 авторды ғана IdeaCamp2023 жастар лагеріне шақырады. Іс-шараға қатысуға жұмсалатын барлық шығынды (жатын орын, келіп-кету, тамақтану) ұйымдастырушылар өтейді. 

Қандай тақырыптағы жоба күтеміз?

Мына төрт тақырып бойынша өтініш қабылдаймыз: 

  • Сыни пайым мен медиасауаттың маңызды екенін көрсететін жоба;
  • Пропаганда мен жалған ақпараттың жастарға әсерін көрсететін жоба;
  • Елдегі, аймақтағы және әлемдегі маңызды оқиғалардың Қазақстан жастарына әсерін көрсететін жоба;
  • Қазақстандағы қыздар мен әйелдердің рөлін көрсететін жоба.

Жеңімпаздарды қалай таңдаймыз?

  1. Жаңа нәрсені үйреніп, машық жетілдіріп, контент жасауға деген ұмтылыс;
  2. Жобаң Қазақстан үшін өзекті болуы;
  3. Идея/формат/тәсілдің бірегей, креатив, инновациялы болуы;
  4. Жасалатын контенттің саны және/немесе сапасына қарай ақылға қонымды нақты бюджет. 

Қандай да бір сұрақ бар ма?

Бізге хабарлас! Эл.поштамызға хат жазсаң, сұрағыңа жауап береміз. Біздің эл.пошта: Central-Asia-REVIVE-Info@internews.org 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Популярные статьи