ОқиғаларҚазақстандағы медиа тұтыну және медиасауат зерттеуі қорытындысының презентациясы өтеді 

Қазақстандағы медиа тұтыну және медиасауат зерттеуі қорытындысының презентациясы өтеді 

Internews Сізді Орталық Азия елдеріндегі медиа тұтынуды экспресс-бағалау нәтижесінің онлайн-презентациясына шақырады. 

Презентациядан не білесіз?

Авторлар зерттеудің негізгі түйінін таныстырады. Бұған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан тұрғындары тұтынатын ақпарат пен жалған ақпарат, халықаралық және жергілікті геосаяси оқиғалардың медиа тұтынуға әсері, сондай-ақ, Орталық Азия тұрғындары пайдаланатын балама ақпарат көздері де кіреді. 

Зерттеуде жалған ақпарат ықпалына көбірек түсіп қалатын, атап айтқанда жастар, қарттар мен тілдік азшылықтар сияқты топтардың боп жатқан оқиғаларды қалай қабылдайтыны, соған деген көзқарасы да қамтылған. 

Бұдан бөлек, презентацияда контент өндірушілерге, азаматтық қоғам мен үкімет өкілдеріне және Орталық Азиядағы даму бойынша негізгі донорларға арнап мақсатты аудиторияға жететін тиімді контент жасау жөнінде тыңғылықты рекомендация ұсынады. 

Презентацияға қалай қатысамыз?

Мына екі күннің ыңғайлысын таңдап, қаперде ұстаңыз: 

  • Ағылшын тіліндегі презентация 28 наурыз, Астана уақытымен сағат 14:15-те онлайн өтеді. Еуропа парламентінде болады, мына сілтемеге өтіп, Webex бағдарламасы арқылы қосылуға болады. 
  • Қазақ және орыс тіліндегі презентация 17 сәуір, Астана уақытымен сағат 15:00-де онлайн өтеді. Қатысу үшін мына сілтемеге өтіп, алдын ала тіркелу қажет. 

Зерттеуді Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен Internews жүзеге асыратын «Серпінді орта үшін әркелкі ақпаратпен қарым-қатынас және төзімділік (REVIVE)» аймақтық жобасы аясында Еуропалық тату көршілік кеңесі (ENC) жүргізді.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи