«Әйел және гендер тақырыбын қалай жазған дұрыс?». Internews медиабастаңғысы өтеді

0
2728

Қазақстан медиасында да әйел тақырыбына арналған материал көп. Алайда әйел тақырыбының медиадағы көрінісі әрдайым этикаға сай бола бермейді. Әйелді қорлау, сексизм мазмұндағы таптаурын түсініктерге негізделген контент жиі ұшырасып жатады. Сондықтан журналистер әйел мен гендер тақырыбын қалай жазғаны дұрыс?

Internews жыл сайын көктемде ұйымдастыратын дәстүрлі медиабастаңғыда сарапшылар, медиамамандар мен журналистер бірге отырып, «Медиада әйел және гендер тақырыбы туралы жазғанда қандай этикалық мәселелерді ескерген жөн? Кейіпкерлерді қалай табамыз және сезімтал тақырыптарды қалай жазған дұрыс?» деген сауалды талқылаймыз.

Медиабастаңғы қашан өтеді?

Барша қатысушыны 2023 жылғы 29 наурыз, сәрсенбі күні Астана уақытымен сағат 17:00-де басталатын онлайн-кездесуде күтеміз. Медиабастаңғы қазақ тілінде өтеді.

Бұған қалай қатысады?

Медиабастаңғы онлайн форматта, Zoom-да өтеді. Қатысу үшін мына сілтемені ашып, тіркеліп алыңыз. Тіркелген сәтте электронды поштаңызға 29.03.2023 жылы сағат 17:00-де басталатын Zoom-конференцияның сілтемесін жібереміз. Facebook-тегі «Жаңа репортер» парақшасында тікелей трансляция жасаймыз.

ТІРКЕЛУ

Медиабастаңғы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтеді.