MediaCAMP Award 2023 журналистика байқауының «Уақыт көрінісі» номинациясына онлайн дауыс беру басталды

0
2455

V MediaCAMP Award Орталық Азия журналистері байқауының «Уақыт көрінісі» номинациясына ұсынылған суреттердің арасынан үздігін анықтайтын онлайн дауыс беру MediaCAMP Fest фестивалінің сайтында жүріп жатыр. Қатысушылардың жұмысын көріп, ұнағанына дауыс беру үшін осы сілтемеге өтіңіз.  

«Уақыт көрінісі» — сурет түріндегі контентке арналған номинация. 2021 жылға дейін «Объектив» деп аталды. О кезде тек фотосурет қабылданды. 2021 жылдан бастап атауы өзгеріп, фотосуретпен қатар карикатура, инфографика, коллаж суреттер қабылдана бастады. Негізгі шарты — бұл номинацияға ұсынылған сурет  бұған дейін қандай да бір басылымда не ашық медиаресурста жариялануы керек. Номинацияның жеңімпазын әдеттегідей аудитория анықтайды.

(MediaCAMP Award 2023 байқауының «Уақыт көрінісі» номинациясына ұсынылған суреттер)

2023 жылы «Уақыт көрінісі» номинациясына Орталық Азияның төрт еліндегі (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) қатысушылардан 36 өтініш келіп түсті. Өкінішке қарай, Түрікменстаннан ешкім қатыспады. Ережеге сәйкес, бір автор үш суретке дейін ұсына алды. Осылайша, ұсынылған материалдар саны өтініш санынан көп болды. MediaCAMP Award байқауын ұйымдастырушылар техникалық іріктеу жүргізді. Келіп түскен өтініштердің арасында байқау шартына сай келмегені де бар. Техникалық іріктеуден кейін 36 сурет дауыс беруге шығарылды. 

Байқау қорытындысы 2023 жылғы шілдеде Алматыда өтетін Орталық Азиядағы үлкен іс-шара – MediaCAMP Fest фестивалінің MediaCAMP Award жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімінде жариялаймыз. Сол кезде басқа бес номинацияның да жеңімпаздарын марапаттайды. Байқау финалистерінің бәрі фестивальге келіп, талқылауға, шеберлік сабақтары мен басқа да іс-шараларға қатыса алады. 

Internews ұйымы Орталық Азия журналистеріне арналған MediaCAMP Award байқауын бесінші жыл қатарынан өткізіп жатыр. Бірінші байқау 2019 жылы Душанбеде офлайн өтсе, 2020 жылы онлайн болды. Үшіншісі — 2021 жылы аралас форматта ұйымдастырылды. Былтыр Алматыда төртінші байқау өтті. 

2022 жылы «Уақыт көрінісі» номинациясында Сандуғаш Дүйсенованың «Бір дәуірдің соңы» деген фотосы жеңіске жетті. Фото Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда құлатылған ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін бейнелейді. Бұл фото 2022 жылғы 5 қаңтарда әлеуметтік желілерде пайда боп, қазақстандықтар арасында тез таралды. Ізінше жергілікті және әлемдік БАҚ-та жарияланып, Қаңтар оқиғасының ең әйгілі символына айналды. Алайда авторы ешбір жерде көрсетілмеді. MediaCAMP Award байқауын ұйымдастырушылар осы фотоны түсірген адамды анықтады. Дауыс беру кезінде 9500 дауыстан 1377 дауыс жинап, жеңіске жетті. 

Үздік суреттерді анықтауға атсалысып, дауыс беріңіз! Фестивальде жүздескенше! 

ДАУЫС БЕРУ

Барлық суреттің авторлық құқы авторларға/басылымдарға тиесілі. Олар байқауға ұсынған суретін интернет дауыс беруге шығарып, марапаттау рәсімінде көрсетуге рұқсат берді. Мазмұнына авторлық құқық иелері жауапты, мазмұны Internews, USAID не АҚШ Үкіметінің көзқарасымен сай келмеуі мүмкін. 

Бұл байқау америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауына мүмкін болды және USAID-тің қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.