ОқиғаларInternews жаңа бесжылдық жоба бастады

Internews жаңа бесжылдық жоба бастады

Internews командасы «Орталық Азияның ақпарат тұтастығын дамытуға ықпал ету (CAIIA)» деген жаңа жоба бастады. Жобаны USAID қаржыландырады. Бесжылдық бағдарлама Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстандағы ақпарат кеңістігінің тұтастығын нығайтуға және осы елдерде дезинформацияға қарсы төзімділікті арттыруға бағытталып отыр. CAIIA бағдарламасы 2023 жылғы қазанда ресми басталды, енді 2028 жылғы қыркүйекке дейін жалғасады.

Жаңа бағдарлама медианың, ең әуелі, ұлттық тілде көбірек сапалы контент жасауына мүмкіндік ұсынады. Internews пен серіктестері контент өндірушілерге арнап Орталық Азия елдерінің медиақауымдастықтары бір-бірімен қарым-қатынас орнататын, тәжірибе алмасатын алаң жасайды.

«Тиімді мемлекеттік басқарудың барлық аспектілеріне теңгерімді және сенімді ақпарат өте маңызды. Бұл қоғамның негізгі мүдделі тараптары: саяси партиялар, журналистер, азаматтық белсенділер идеяларды, мәселені және оның шешімдерін талқылауына мүмкіндік береді. Бұл азаматтардың мемлекеттік саясат туралы хақындағы диалогқа ықпал етіп, сәйкесінше үкімет азаматтардың қажетіне қарай әрекет етуіне мүмкіндік ашады,» — деп атап өтті Орталық Азиядағы USAID миссиясының директоры Луис Ривера.

Бұл бағдарлама халықтың, әсіресе жастардың медиасауат деңгейін көтеру үшін мемлекеттік құрылымдармен тығыз жұмыс істейді. Internews-тің жергілікті серіктестері жергілікті контент өндірушілердің әлеуетін арттыруға және олар жұмыс істейтін медиаортаны жақсартуға арналған стратегиясын CAIIA аясында жүзеге асыруға қолдау алады.

«Бұрынғы тәжірибемізге сүйеніп, біз жобаны бенефициарларымызбен бірге олар тап келіп отырған қиындықтарды ашық талқылаудан және оларға не қажет екенін зерттеуден бастаймыз. CAIIA бағдарламасы жергілікті жағдайға икемделген әрі Орталық Азияның тұрғындарына пайдалы болғанын қалаймыз», — деді Internews-тің жоба менеджері Вадим Садоншоев.

CAIIA-дан күтетін негізгі нәтиже: 

  • Ақпарат өндіретін және тұтынатын азаматтардың медиасауатын, дезинформацияны танып, оған қарсы тұра білу машығын арттыру;
  • Жұртшылықтың сұранысын қанағаттандыратын сапалы әрі алуан түрлі жергілікті контент жасау; 
  • Жергілікті стратегиялар мен құқықтық шаралар арқылы Орталық Азияда қолайлы медиакеңістікті дамыту және ақпарат тұтастығын нығайту.

CAIIA жобасын Internews ұйымы мен серіктестері, соның ішінде Zinc Network (Ұлыбритания) мен әр елдегі жергілікті серіктестер жүзеге асырады.

 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи