Internews Орталық Азияда «Шағын және ірі грант — 2024» контент әзірлеуге идеялар байқауын жариялады. Байқауға жеке автор, шығармашылық команда, шағын ұжымдар қатыса алады. Командадағы қатысушылар санына шектеу жоқ, бірақ олардың әрқайсысы жобаға қосатын үлесін, қызметін толық сипаттағаны жөн.
Байқауға ұсынылған жобаның идеясы, қоғам үшін өзектілігі мен оның нәтижесі маңызды. Осы орайда өтініш берушінің медиажоба жасаған тәжірибесі болғаны абзал.
«Шағын және ірі грант — 2024» байқауына кімдер қатыса алады?
Мемлекеттік емес жергілікті медиа, онлайн басылымдар, газеттер мен журналдар, шағын телекомпаниялар, радиостанциялар, продакшн-студиялар, тәуелсіз авторлар, журналистер, блогерлер, суретшілер, белсенділер және басқа да шығармашылық топтар қатыса алады. Енді ғана құрылған, немесе осы жоба үшін арнайы жинақталған кәсіби мамандар командасы да қатыса алады, бірақ пысықталған идеясы боп, аудиториясы мен оның сұранысын түсінуі керек.
Ескерту: өтініш берушілерде заңды тұлға нысаны (ЖШС, ЖК, қоғамдық қор немесе басқа) болуы керек.
Қандай жоба ұсынуға болады?
Сіздерден мына тақырыптарда идея күтеміз:
- дезинформациямен күрес, фактчек және верификация жасауға арналған контент;
- пропаганда және манипуляцияны ажырату, олардың адам өміріне, денсаулығына әсерін анықтау;
- қоғамдағы әртүрлі топ өкілдеріне медиасауат маңызын түсіндіру;
- қоғамдағы әлсіз топтардың үнін естірту, алауыздыққа жол бермеу;
- ақпаратты аз алатын, диджитал технология игіліктерінен қағажу қалып отырған, егде жастағы адамдар мен әртүрлі топтағы жастардың проблемаларына арналған контент;
- қоғамдағы қалыптасқан кері стереотиптерді бұзуға бағытталған контент.
- Шағын грант: 1 айдан 3 айға дейін;
- Ірі грант: 6-9 ай аралығында.
«Шағын және ірі грант — 2024» грантын жеңіп алу үшін не істеу керек?
Байқаудың төрт кезеңінен өтуі керек. 1 тур — идея ұсыну Контент жасауға қолдау алғыңыз келсе, онлайн-өтініш беру керек: Байқауға өтініш қабылдаудың соңғы күні — 2023 жылғы 31 желтоқсан (Астана уақытымен сағат 23.59-ға дейін). Бір команда үш түрлі идеяға дейін ұсына алады. Бірақ әр жобаға жеке өтініш толтырып, жолдау қажет. 2 тур — техникалық іріктеу Internews командасы келіп түскен өтініштерді техникалық іріктеуден өткізеді. Әр жоба байқау критерийлеріне сай қаралады. Ең қызық әрі жақсы пысықталған идеялар келесі кезеңге өтеді. Техникалық іріктеуден өткендердің тізімі қаңтардың 10-ына дейін дайын болады. Бұл кезеңде толық ойластырылмаған, аудиториясы немесе қажет қаражаты нақты көрсетілмеген жобалар іріктеуден өтпейді. Ал ең қызық, ерекше және соңына дейін нақты ойластырылған идея үшінші кезеңге өтеді. 3 тур — идеяларды таныстыру Іріктелген жоба авторлары арнайы питчинг-сессияға шақырылады. Идеясын кез келген формада таныстыруына 10-15 минут уақыт беріледі. Питчинг-сессияда медианың аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған жобалар да қаралады. Оларды тәуелсіз медиасарапшылар, тәжірибелі журналистер және Internews қызметкерлерінен жасақталған арнайы байқау комиссиясы тыңдайды. Презентациядан кейін комиссия мүшелері нақтылау сұрақтарын қойып, жоба идеясын жақсартатын ұсыныстар айта алады. Қандай да бір шығындарды негізсіз деп тапса, бюджетін қайта қарауды ұсынуы мүмкін. 4 тур — құжаттарды пысықтау және ресімдеу Комиссия мына критерийлер негізінде контент жобаларын қаржыландыру бойынша түпкілікті шешім шығарады:- идея мен форматтың бірегейлігі;
- аудиторияның дұрыс та дәл көзделуі;
- авторлардың дайын өнім қандай болатынын көре білуі;
- ақылға қонымды бюджет.