[vc_btn title=»Байқау ережесінің PDF нұсқасын жүктеп алыңыз» link=»url:https%3A%2F%2Fdrive.google.com%2Ffile%2Fd%2F1hgdDjHmJiPVHUUv4kvvcpiqqtHyyFgfJ%2Fview%3Fusp%3Dsharing|||»]

Internews ұйымы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асатын бесжылдық «Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы» аясында Орталық Азия елдерінде MediaCAMP Award журналистика байқауын өткізіп келеді. Биылғы байқау бесінші рет ұйымдастырылып, соңғы рет өтеді. Өйткені биыл MediaCAMP бағдарламасы аяқталады. 

Алғашқы MediaCAMP Award 2019 жылы Тәжікстан астанасы Душанбеде (толығырақ мұнда жазылған) өтсе, екінші рет 2020 жылы онлайн-форматта ұйымдастырылып, үшіншісі 2021 жылы аралас форматта болды. 2022 жылы Алматыда офлайн өткіздік.

Байқау мақсаты және қағидаты:

Мақсаты – Орталық Азиядағы қоғамдық маңызы бар оқиғалар мен құбылыстарды жазып, жариялап жүрген дарынды журналистерді, тәуелсіз контент жасаушыларды ынталандыру. Байқау медиаортаның дамуына ықпал ете отырып, аймақтағы түрлі қоғам өкілдерінің үні естілуіне мүмкіндік береді. 

Байқау ашықтық, адалдық және бейтараптық қағидаттарына негізделеді.

Ережесі:

  1. Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы тәуелсіз немесе мемлекеттік медиада штатта не штаттан тыс жұмыс істейтін журналист те, автор да қатыса алады. Өтінішті материал авторы немесе байқауға қатысушы редакция атынан беруге болады. Марапатты редакцияға емес, жеке журналист/автор немесе журналистер/авторлар тобына табыстайды.
  2. Байқауға шетелдік медиада жұмыс істейтін журналист, яғни Орталық Азия аумағынан тыс (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) жерде тіркелген және бас кеңсесі осы республикалардан басқа мемлекетте орналасқан медианың өкілі қатыса алмайды. Сондай-ақ мұндай медиада жарық көрген материалдар да қабылданбайды.
  3. Грант не донорлық қаржыландыру есебінен дайындалған материал мазмұны мен формасы елеулі редакциялық ықпалға ұшырамаса, байқауға қабылданады. Материалдың техникалық және стилистикалық сапасын жақсарту үшін тәлімгерлік сүйемелдеу талапқа қайшы келмейді.
  4. Байқауға 2022 жылғы 1 маусым мен 2023 жылғы 19 ақпан аралығында жарияланған кез келген формат пен жанрдағы (ескерту: деректі фильмнің хроносы 40 минуттан аспау керек) материалдар қабылданады. Осы уақыт аралығынан тыс уақытта жарияланған контент байқауға қабылданбайды. Ұсынған материал кез келген БАҚ-та не көпшілікке арналған платформада, мәселен, әлеуметтік желілерде жарияланған болуы керек.
  5. Бір материалды тек бір номинацияға ұсынуға болады. Егер материалды мазмұны сай келмейтін номинацияға ұсынылса, онда қарастырмайды. Ұйымдастырушылардың материалды номинациядан номинацияға ауыстыру құқы жоқ.
  6. Бір редакция не бір автор байқауға бірнеше материалын ұсына алады, бірақ әр номинацияға тек бір материал ұсынуға болады.
  7. Байқауға қазақ, қырғыз, тәжік, түрікмен, өзбек және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады. Байқаудың жұмыс тілі – орыс тілі. Сондықтан аймақтық кезеңге өткен материалдар орыс тіліне аударылады.
  8. Үлгіге сай дұрыс толтырылған, хабарландыруда көрсетілген уақытқа дейін электронды түрде жолданған өтініштер ғана қарастырылады.
  9. Үміткерлерге өтінішінің статусы жайлы жеке-жеке хабарламайды. Ұйымдастырушылар финалға, яғни аймақтық кезеңге өткен үміткерлерге хабарласады.
  10. Ұлттық кезеңнен өткен материал авторларын (финалистерді) MediaCAMP Fest фестиваліне шақырады. Байқау жеңімпаздарына (қазылар алқасы финалда таңдаған материал авторы/авторлары) MediaCAMP Fest арнайы салтанатты марапаттау рәсімінде мүсінше, диплом және сыйлық/сыйлықақы табысталады.

Іріктеу қалау өтеді?

Байқау екі кезеңнен тұрады:

[vc_toggle title=»Ұлттық кезең» css=».vc_custom_1676822190250{background-color: #0c5ea9 !important;background-position: center !important;background-repeat: no-repeat !important;background-size: contain !important;}»]Ұлттық кезеңде – әр елдегі (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) іріктеу комиссиясы финалистерді таңдайды және олар Аймақтық кезеңге өтеді. [/vc_toggle]
[vc_toggle title=»Аймақтық кезең» css=».vc_custom_1676822161977{background-color: #0c5ea9 !important;background-position: center !important;background-repeat: no-repeat !important;background-size: contain !important;}»]

Аймақтық кезеңде Орталық Азияның қазылар алқасы финалистер арасынан әр номинация бойынша жеңімпазды таңдайды.

[/vc_toggle]

Ұлттық кезеңдегі іріктеу комиссиясы медиа, медиаменеджмент не қоғамдық маңызға ие басқа да салада мол тәжірибесі бар кәсіби мамандардан тұрады. Қазылар алқасының мүшелер саны тақ болады. Әр елдегі іріктеу комиссиясына Internews ұйымының бір өкілі кіреді. Қазылар алқасының барлық мүшесі объективтілік принципін сақтау үшін Мүдделер қақтығысы жайлы ережеге қол қояды. 

Іріктеу кезеңінің комиссия мүшесі қызмет ететін медиадан келген материал болса, ол комиссия мүшесі дауыс беруден қалыс қалады. 

Аймақтық кезеңде материалдарды арнайы құрылған Орталық Азияның қазылар алқасы бағалайды. Құрамына қатысушы елдердің әрқайсысынан медиа және қоғамдық маңызға ие гуманитарлық саланың беделді әрі тәжірибелі бір не екі өкілі кіреді. Қазылар алқасының қатарына финалист медианың қызметкері не басшысы болмайды. 

Қазылар алқасының барлық мүшесі Мүдделер қақтығысы жайлы ережеге қол қояды.

Номинациялары

Байқауда алты номинация бар: 

[vc_hoverbox image=»1576″ primary_title=»Уақыт тынысы» hover_title=»» hover_background_color=»custom» hover_custom_background=»#a5c6e1″]

Қоғамдағы  өзекті мәселені қозғап, жауап іздеп, уақыт тынысын көрсететін материалдарға арналған номинация. Толығырақ өтініш формасында жазылған.

Өтініш жіберу

[/vc_hoverbox]
[vc_hoverbox image=»1576″ primary_title=»Жеңімпаздар уақыты» hover_title=»» hover_background_color=»custom» hover_custom_background=»#a5c6e1″]

Қиыншылыққа мойымаған, басқаларға жәрдемдескен адамдар туралы материалдарға арналған номинация. Толығырақ өтініш формасында жазылған.

Өтініш жіберу

[/vc_hoverbox]
[vc_hoverbox image=»1576″ primary_title=»Жасампаздар уақыты» hover_title=»»]

Жетістікке жеткен жасампаз адамдар туралы материалдарға арналған номинация.

Толығырақ өтініш формасында жазылған.

Өтініш жіберу

[/vc_hoverbox]
[vc_hoverbox image=»1576″ primary_title=»Жастар уақыты» hover_title=»» hover_background_color=»custom» hover_custom_background=»#a5c6e1″]

Журналистикаға енді келген, медиада жұмыс істегеніне 2 жыл толмаған жас журналистерге/авторларға арналған номинация. Толығырақ өтініш формасында жазылған.

Өтініш жіберу

[/vc_hoverbox]
[vc_hoverbox image=»1576″ primary_title=»Жыл тақырыбы. Уақыт пен ақша» hover_title=»»]

Жыл тақырыбы байқау сайын өзгеріп отырады. Пандемия, соғыс пен санкция, жаһандық логистикадағы өзгерістер мен энергетика нарығын қайта құру салдарынан 2022-2023 жылдары әлемде және өңірімізде қаржы дағдарысы боп жатыр. Осы тақырыптағы материалдарға арналған.

Өтініш жіберу

[/vc_hoverbox]
[vc_hoverbox image=»1576″ primary_title=»Уақыт көрінісі: фотосурет, карикатура, иллюстрация» hover_title=»»]

Қоғамдағы түрлі мәселе мен оқиғаны бейнелейтін фотосурет, карикатура, инфографика, коллаж не басқа да форматтағы визуал материалдар. Қандай да бір басылымда не ашық платформада жарияланған болуы керек.

Өтініш жіберу

[/vc_hoverbox]

Арнайы сыйлықтар

Арнайы сыйлық 

Байқаудың іріктеу сатысында қазылар алқасы жеңімпаз атанбағандарға да арнайы сыйлықтар беруі мүмкін. Бұл сыйлықтар материалы ескеруге тұрарлық, мысалы тың тақырыпта жазылған, ерекше хикаяны көре білгені, материал жасаудағы көркем шешімдері, батылдығы үшін журналистер мен контент жасаушыларға беріледі. 

Манана Асламазян атындағы сыйлық

2022 жылғы 31 тамызда Ереванда белгілі медиасарапшы, ТЭФИ сыйлығының екі дүркін лауреаты, Ресей телевизиясына қосқан үлесі үшін марапатталған медиамаман, Internews-тің стратегиялық даму жөніндегі сарапшысы, MediaCAMP Award аймақтық байқауының тұрақты төрағасы болған Манана Асламазян қаза тапты. Ол MediaCAMP Award байқауы Орталық Азиядағы бес елдің медиасы жақсы көретін сүйікті байқауға айналуына қосқан үлесі зор еді. 

Internews командасы мезгілсіз ортамыздан алыстаған әріптесіміздің құрметіне Манана Асламазян атындағы сыйлық тағайындады. Бұл – MediaCAMP Award 2023 гран-при сыйлығы. Бұған қатысу үшін қандай да бір бөлек номинацияға материал жіберудің қажеті жоқ. Мананамен дос болған халықаралық сарапшылар мен кәсіби медиамамандардан арнайы құралған қазылар алқасы бес номинация бойынша финалистердің материалын қарап, Манана да атап өтуі әбден мүмкін үздік материалды таңдайды. 

Байқау финалистерін Орталық Азияның MediaCAMP Fest медиафестиваліне шақырып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімінде марапаттайды.

[vc_toggle title=»Егер менің материалым шетелден қаржыландырылатын ресурста жарияланса, мен байқауға қатыса аламын ба?»]Байқауға шетелден қаржыландыратын немесе мемлекеттен тыс жерде тіркелген БАҚ журналисі қатыса алмайды. Сонымен қатар мұндай БАҚ-та жарық көрген материалдар қабылданбайды. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Егер менің материалым халықаралық БАҚ-та жарияланбаса, бірақ бұл материалды жазу үшін гранттық қаржы пайдаланылса, мен бұл байқауға қатыса аламын ба?»]Гранттық немесе донорлық қаржыға әзірленген материал байқауға қабылданады, бірақ бұл материалды әзірлеу барысында материалдың контентін өзгертуге ықпал еткен редакторлардың үстемдігі болмауы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда техникалық жағынан, материалдың стилистикалық сапасын жақсарту мақсатында ментордың еріп жүруі бұл талапқа қайшы келмейді.[/vc_toggle][vc_toggle title=»Алдымен өтініш жазып, соңынан редактордың хатын жолдауға бола ма?»]Жоқ. Редактор хаты өтінішке қоса тіркелуі керек.[/vc_toggle][vc_toggle title=»Менің материалым іріктеуден өткенін қалай білуге болады?»]Ұлттық және аймақтық іріктеуден өткен қатысушыларды Ұйымдастырушы комитет хабардар етіп отырады. Іріктеуден өтпегендерге хабарлама берілмейді. Егер сіз финалға өтсеңіз, сізге телефон шалып хабарласады немесе хат жазады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Егер менің бейне немесе басылып шыққан материалым интернете жоқ болса, оны байқауға қалай ұсынуға болады?»]Бейнематериалдардың қайда жарияланғанын көрсететін сілтеме керек, әрі материал қайда жүктелгенін көрсететін (мәселен, youtube, vimeo және тағы басқа) сілтеме жалпыға қолжетімді болуы тиіс. Сілтеме жабық болса, автор көруге мүмкіндік беретін сілтемені ұйымдастыру комитетіне беру керек. Басылып шығатын және газет материалдарды сканерлеу керек, мүмкіндігінше материалдың шыққан мерзімі көрінуі тиіс, оны қолжетімді кез-келген сервиска жүктеп, электронды сілтеме арқылы ашуға болатындай мүмкіндік жасау қажет. Сканерленген материал оңай оқылуы тиіс. Көшірме сапасы өте жақсы болуы тиіс.Файлдың жалпы көлемі 1 ГБ-дан аспауы тиіс. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Егер менің материалым радиоэфирден өтсе, мен оны байқауға қалай ұсына аламын?»]Аудионы кез-келген онлайн сервиске жүктеу керек және оның сілтемесін Ұйымдастыру комитетіне жолдау керек болады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Өтінішті қай тілде бере аламын?»]Барлық қатысушы елдердің барлығында орыс тілінде және қатысушы елдің мемлекеттік тілінде беріледі. Алдымен комитет қатысушыларды материалды шыққан тілінде бағалайды. Материал іріктеуден өтсе, оны халықаралық қазылар алқасына орыс тіліне аударады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Бір материалды түрлі номинацияға ұсынуға бола ма?»]Жоқ, бір материал тек қана бір рет беріледі.[/vc_toggle][vc_toggle title=»Номинацияны қалай таңдауға болады?»]Байқаудың Ережесін, номинациялардың сипаттамасын және талаптарын мұқият оқып шығу керек. Сондай-ақ 2019 жылғы байқауда жеңіске жеткен материалдармен таныса аласыздар.[/vc_toggle][vc_toggle title=»Бір БАҚ немесе бір автор түрлі номинацияға өтініш бере ала ма?»]Иә, бере алады, бірақ материалдар әртүрлі болуы тиіс. Әр номинацияға бөлек бір өтініш болуы тиіс. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Мен блогер болсам, өтініш бере аламын ба?»]Байқау журналистика бойынша, бірақ сіз контентіңізді медиалық деп есептесеңіз және оның талаптары Байқауға сай келсе, өтініш беруіңізге болады. Тәуелсіз авторлардың және продюсерлік топтардың онлайн-алаңда жарық көрген журналистік жобалары да қарастырылады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Байқауға деректі фильмде беруге бола ма?»]Ия, бірақ оның хронометражы 40 минуттан аспауы тиіс, бұл қысқаметражды фильмнің ең ұзақ шегі. Киноның өз байқаулары бар, бұл байқаудың басымдылығы – журналистік материалдар. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Егер менде материалдар циклі болса не істеу керек?»]Онлайн-өтініште оның қысқаша мазмұнын көрсету керек, ал байқауға сіздің пікіріңізше ең мықты материал берілуі тиіс. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Байқауға материалды пошта арқылы жіберуге бола ма әлде арнайы тасығыштармен алып келу керек пе?»]Жоқ, материалдар онлайн түрде қолжетімді материалдар қабылданады.[/vc_toggle][vc_toggle title=»Егер мен жұмыстан кетіп қалған болсам, бірақ байқауға қатысқым келсе, БАҚ-та жұмыс істеген кезімде жарияланған материалды пайдаланып қатыса аламын ба?»]Иә, өтініш жолдаңыз. Байқауда БАҚ емес, материал авторлары марапатталады. Бас редактордың хатын бірге тіркеп қойсаңыз жақсы болар еді, алайда ондай мүмкіндік болмаса, оны ескертуде қысқаша жазсаңыз болады. Ұйымдастырушы комитет мұндай мәселеге жеке қарайды. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Егер материалды авторлық топ әзірлесе, оны байқауға беруге бола ма?»]Иә, бірақ шығармашылық топ өкілдері бұл жайында білуі тиіс. Топ мүшелерінің бірі өтініш білдірсе, қалғандары қарсылық білдірмеуі керек. Бәйгені топ мүшелері өз ара келісім арқылы бөліп алады. Өйткені жеңіске бір автор емес, топ жетсе, бәйге көлемі өспейді. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Финалға шығармашылық топ шыққан жағдайда марапаттау рәсіміне шығармашылық топ толығымен шақырыла ма?»]Ия. Алайда топ ( 2 адамнан көп болса), қатысу талаптары өзара келісіледі. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Жеңімпаздар қандай жүлдеге қол жеткізеді?»]Аймақтық байқауда жеңіп шыққан финалистер арнайы диплом алып, марапаттау рәсіміне шақырылады. Жеңімпаздар мүсінше және қаржылай сыйлық алады. Қазылар алқасы арнайы сыйлық ұсынуы мүмкін. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Менің шығармам финалға не себепті өтпей қалғанын қалай білуге болады?»]Қазылар алқасы материалдарды бағалайды. Сол себептен финалистер мен жеңімпаздардың таңдалуы ашық болады. Дауыс беру талапқа сай жүргізіледі (кәсібилік, объективтілік, техникалық талаптарға сай, жасампаздылығына сай және номинация талаптарына сай). Қазылар осы талаптарды өз түсінігімен қабылдап, ішкі сенімімен бағалай келе дауыс береді. Дауыс беру әдісінің қорытындысы егжей-тегжей жарияланбайды. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Менің материалымды қазылар алқасына орыс тіліне кім аударады?»]Аударманы журналистика және лингвистиканы түсінетін мамандар аударады. Қалай болғанымен қазылар алқасында өтініш білдірген тілді түсінетін маман болады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Қазылар алқасы құрамында кімдер болады?»]Қазылар алқасы құрамына БАҚ мен медиадағы беделді адамдар шақырылады. Егер қазылар алқасындағылардың біреу белгілі бір мекемемен немесе тұлғаменүлестес болса(туысқаны, БАҚ-тағы қызметкері, тағы басқа), онда ол дауыс беруден бас тартады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Қанша жеңімпаз болады?»]Қатысушы әр ел іріктеу турына әр номинациядан үш жеңімпазды таңдап алады. Сосын халықаралық қазылар алқасы финалистер арасында бір адамды таңдайды. Әр номинациядан бір өтініш жеңіске жетеді. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Қандай да бір сұрақтар болса, кіммен кеңесуге болады?»]Егер байқау серіктестеріне қойған сұрақтардан кейін тағы да сұрақтарыңыз болса, онда ұйымдастыру комитетінің Қазақстандағы үйлестірушісіне хабарласуға болады. Қазақстандағы Internews өкілдігінің медиасарапшысы Марина Михтаева —  mmikhtayeva@internews.org[/vc_toggle]

Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org электронды поштасына (тақырыбына «MediaCAMP Award 2023 байқауы бойынша сұрақ» деп көрсетіп) не +7 771 701 38 38 (Telegram, WhatsApp) нөміріне хат жазыңыз.