Internews-тің контент жасауға арналған гранттары. Сұрақ-жауап

0
1730
MediaCAMP

Internews халықаралық ұйымы MediaCAMP бағдарламасы аясында отандық контент жасау идеясына байқау жариялайды. Соған қатысқысы келетін азаматтар тарапынан бірқатар қосымша сұрақтар туындады. Internews халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің бағдарламалар жөніндегі аймақтық менеджері Дина Жансағымова чат-консультация өткізді. 40 минут ішінде байқау туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, бас-аяғы 25-тен астам сұраққа жауап берді.

Байқаудың мақсаты – сапалы телевизиялық бағдарламаларды, арнайы репортаждарды, дерек фильмдерді, лонгридтерді, әлеуметтік желілердегі жобаларды, мультимедиалық мақалаларды және журналистік зерттеулерді қолдау.

Чат-консультация барысында қойылған сұрақтардың бірнешеуін мәтін түрінде жазып, соның жауабын да қысқа-нұсқа жариялап отырмыз.

  • Қандай тақырыптарда идея ұсынған жөн?

Шектеу жоқ.Еркін яғни кез келген тақырыпты қозғауға болады. Әйткенмен басымдыққа ие тақырыптар да бар. Біз MediaCAMP жобасының философиясын былай айқындадық: үні естілмейтіндерге сөз беру. Ірі ұлттық медиалар қиын жағдайдағы осал топтарға, адамдарға сөз бермейді. Гендерлік тақырып, инклюзия мәселелері, биліктің ашықтығы, оның шешімдерін қадағалау сынды тақырыптар, адамдар өзі контент жасауға, мәселені шешуге қатыса алатын жобалар қызықтырады. Тұрмыс жағдайлары төмен не басқаларымен салыстырғанда құқықтары көбірек шектелетін, кемсітілетін, қоғам өмірінде ойнайтын рөлі елеусіз қалатын осал топтар болады ғой. Сондай топтарға арналған және көпшілікке бағытталған әлеуметтік, саяси, тұрмыстық, қоғамдық, экономикалық тұрғыдан білім деңгейін көтеру жағынан маңызы аса жоғары идеяларға басымдық беріледі.

  • Контенттің монетизациясына да мән беру қажет па?

Монетизация – жобаның болашағы. Өйткені, берілетін грант – сол жобаны бастауға, старт алуға арналады. Ал жобаның әрмен қарай да онор, демеуші, жарнама беруші табу мүмкіндігі болса, бұл – үлкен артықшылық.

  • Бір адам бірнеше жоба ұсына ала ма?

Иә

  • Іріктеу қандай шарттармен жүреді?

Әртүрлі, яғни идеяның бірегейлігі, контенттің аудиторияны еліктіруі (қаншалықты көп аудиторияны тарта алады), жоба қандай да бір жағдайға қалай әсер алатыны (импакт). Және мұның бәрін бағамдап, өлшеп, көре алатындай болу керек.

  • Грант сомасы қандай?

 

Сомасын әзірге айтпаймыз. Өйткені, сіз өз жобаңызды қаншалықты бағамдай алатыныңызды түсінуіміз аса маңызды болып отыр.

Басқа да көптеген сұрақтың жауабын чат-конференцияның видеосынан көре аласыз. Назар аударыңыз: Видеоның Youtube-бетіне өтсеңіз, роликтің сипаттамасынан әр сұрақтың нақты жауабына апаратын таймкодтар берілген. Осылайша, қызықтырған сұрақтың жауабын білу үшін тұтас видеоны көріп шығудың қажеті жоқ.

Байқауға қатысу үшін мына онлайн-формасын толтыруыңызды сұраймыз. Берілген жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азиялық медиабағдарламасы шеңберінде өткізіледі.