Internews 11-12 маусым күндері Инновация фестивалі аясында Алматыда алғаш рет Орталық Азияның подкастинг мектебін өткізеді.
Фестиваль қатысушылары подкасттың не екенін, подкаст жасауға тақырыпты қалай таңдайтынын және аудиториясын қалай анықтайтынын біледі. Подкаст жасауға арналған түрлі гаджеттермен жұмыс істеуді, подкаст жасауға, жариялауға және қаржы жинауға арналған бағдарламаларды қолдануды үйренеді.
Осылайша, әрбір қатысушы өз подкастын жасайды.
Мектепте Internews сарапшылары, атап айтқанда Ержан Сулейменов, Ольга Каплина, Ахмед Ахсаров, Анна Сухачёва тәлімгер болады.
Мектепке журналистер, коммерциялық емес ұйым қызметкерлері, қоғам белсенділері қатыса алады.
Тіркелу үшін мына сілтемеге өтесіз.
Подкастинг мектебі түрлі мемлекеттен келетін 250-ден астам қоғам белсенділері қатысатын Инновация фестивалі аясында болады.
Фестивалді АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен жүзеге асатын «Инновациядағы әріптестік – P4I» бағдарламамасы шеңберінде «АРГО азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» ұйымдастырады.
Орталық Азияның подкастинг мектебі АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асатын Қазақстан және Тәжікстандағы «Ақпаратқа қол жеткізу жобасы» — Орталық Азияның өңірлік бағдарламасы шеңберінде өтеді.