ГранттарInternews аудитория қатысатын жобаларға грант байқауын жариялайды

Internews аудитория қатысатын жобаларға грант байқауын жариялайды

Internews медиа және коммерциялық емес ұйымдардың аудитория тарту бойынша бірлескен жобаларына конкурс негізінде грант береді. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2019 жылдың 1 шілдесі.

Медиа және үкіметтік емес ұйымдар қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде өзара күш біріктіре алады. Үкіметтік емес ұйымдарда мәселені ашып көрсетіп, шешу жолдарын ұсынатын сарапшылар, ал медиада – кең аудиторияны бір бастама аясында бірігуіне шақыратын мүмкіндіктер бар. Журналистер мен азаматтық белсенділердің күш біріктіруінен жүзеге асатын әлеуметтік акциялардың тиімділігі еселене түсетініне сенімдіміз.

Internews қазақстандық медиалар мен ҮЕҰ-дың аудитория тартуға, аудиторияның қатысуына ерекше ден қоятын жобаларын қолдайды. Бұған сауалнамалар, байқаулар, қайырымдылық шараларына қоғамның түрлі топтарын тарту жұмыстары, лекциялар өткізу, еріктілер жиынын ұйымдастыру және тағы басқа түрлі форматтағы іс-шаралар жатады.

Медиақауымдастық пен азаматтық сектордың өзара бірлесіп, іс-қимыл жасау мысалдарымен мұнда танысасыз.

Медиа не ҮЕҰ бар идеяны жүзеге асыруға не басталған жобаны қолдауға да өтінім бере алады. Назар аударыңыз: өтінімде серіктес ұйым көрсетілуі міндетті. Серіктес ұйым жобаны жүзеге асыру барысында табылатын жағдайда медиа не ҮЕҰ-нан жекелей өтінімдер қабылданады.

Internews медиа мен ҮЕҰ-ның бірлескен бес жобасына дейін қолдау көрсете алады. Әрбір гранттың сомасы – 3 000 $-ға дейін.

Байқауға қатысу үшін онлайн-өтінімді 2019 жылдың 1 шілдесі Алматы уақытымен сағат 24:00-ке дейін толтырып, жіберіңіз.

Internews келіп түскен өтінімдерді қарап, 2019 жылдың 5 шілдесінен кешіктірмей шешім қабылдайды.

Шешім қабылдау алдын жоба авторларымен онлайн-талқылау жүруі мүмкін.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (727) 355 95 85 телефон нөміріне хабарласыңыз не kz-info@internews.org электронды поштасына хат жазыңыз.

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID)қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде өтеді. Бағдарлама туралы мұнда толығырақ жазылған. Қазақстандағы Internews өкілдігі ұйымы туралы мұнда жазулы.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи