ГранттарБайқау: Қазақстан, Тәжікстан медиаларын "Азаматтық журналистер" жобасына қатысуға шақырады

Байқау: Қазақстан, Тәжікстан медиаларын «Азаматтық журналистер» жобасына қатысуға шақырады

Internews ұйымы MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде Қазақстан және Тәжікстан медиаларын стрингерлер желісін дамытуға шақырады.

Біз әр елден алты медиаұйымға өңірлік тілшілер желісін құруына қолдау көрсетеміз.

Сіз мынадай қолдауға ие боласыз:

  • Азаматтық журналистер желісінің үйлестірушісіне қаржылай қолдау;
  • Бастапқы кезеңде қатысушылардың қаламақысын төлеуге грант;
  • Құрылған желі үйлестірушісіне қашықтан тәлімгер болу;

Байқауға Қазақстан және Тәжікстанның мемлекеттік емес медиалары қатыса алады.

2019 жылғы жоба қатысушыларының пікірі:

Дмитрий Ким, newtimes.kz:
Редакциямыз шағын болғандықтан да бізге өңір-өңірлерден адамдар, стрингерлер қажет. Авторлар қатары артқан сайын, материалдарымыздың формасы да тақырыбы да жақсарып, көбейіп, әралуан бола түседі. Сәйкесінше, медиаресурс мазмұны да қызығырақ болып, маңызы артады.

Салимджон Саидов, радио «Пайванд»:
– Өңірлерде тұратын адамдар сондағы жағдайды бәрімізден артық біледі. Сондықтан да расымен пайдалы әрі құнды ақпарат бере алады.

Жоба туралы толығырақ мұнда жазылған.

Қатысуға қалай өтініш береді?
1. Негіздеме хат жазып, “Сіздің медиа неліктен «Азаматтық журналистер» жобасына қатысуы тиіс?” деген сұраққа жауап бересіз.
2. 2019 жылдың 8 желтоқсаны Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 24:00-ге дейін онлайн-форманы толтырасыз.

Internews 2019 жылдың 12 желтоқсанынан кешіктірмей шешім қабылдайды. Өтініш берушілерді 2019 жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей байқау нәтижесі туралы хабардар етеді. Нәтижесін электронды поштаға жолдайды.

Қандай да бір сұрақ туындаса, мына электронды поштаға хат жазыңыз:

Қазақстан: kz-info@internews.org
Тәжікстан: tj-info@internews.org

Грант жөніндегі сұрақтардың жауабын мына бөлімнен табасыз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи