Контент өндіруге арналған грант байқауының финалистері анықталды

0
251

Internews Қазақстан өкілдігі MediaCAMP бағдарламасы аясында ұйымдастырған Контент өндіруге арналған грант байқауының жеңімпаздарын анықтады. Байқауға 264 өтініш келіп түсті. Соның ішінен қазақша 6 жоба және орысша 9 жоба жеңімпаз атанды.

Қазақша жобалар
1. Айсұлтан Жақыпов, Қарағанды. “Сүйрік – ұлттық спорттағы әйелдер» жобасы, бәйге аттарын баптайтын, сұңқар, бүркіт және тазымен аңшылық құратын әйелдер туралы видеолар циклі.

2. Бақытгүл Салыхова, Нұр-Сұлтан. “Ата-ана сағаты” жобасы, мамандармен бала тәрбиесі туралы видеоподкасттар сериясы.

3. Ерлан Оспан, Нұр-Сұлтан. «BigData елегінде — …», ашық деректер негізінде лонгридтер сериясы.

4. BEINE шығармашылық тобы, Шымкент. Зорлық-зомбылыққа ұшырап, сол азапты жеңіп, жаңадан өмір бастаған әйел адамдар хикаясы туралы лонгридтер сериясы.

5. Нұрлан Бектаев, Шымкент. «Ерекше тұлға» («Особенная личность») — ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға жеңілдіктер, жәрдемақылар туралы ақпарат жинап, жариялау.

6. Заңғар Омар, Алина Жартиева, Сұңғат Анапия, Қаскелең. «The Soyle — мультимәдениет алаңқайы», жастар арасындағы мәдени тосқауылдарды еңсеру туралы видеохабарлар сериясы.

Орысша жобалар
1. Асем Жапишева, Дмитрий Дубовицкий, Алматы. «Рүстемге арналған гүлдер», Қазақстандағы суицид туралы зерттеу.

2. Мирас Нурмуханбетов, Алматы. Miras Post жобасы, қоғамдық-саяси оқиғаларды суретпен бейнелеу.

3. Джамиля Маричева, Алматы. @protenge инстаграм-каналы, мемлекеттік сатып алу және ашық бюджетпен жұмыс істеу туралы хикаялар.

4. Алиса Масалёва, Шымкент. «Не проходите мимо» тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы материалдар сериясы.

5. Галина Петренко, «Наша газета», Қостанай. Өзін-өзі басқару үлгісіндегі ауыл қауымдастықтары туралы мультимедиалы материалдар сериясы.

6. Айнур Коскина, Нұр-Сұлтан. Qos Live, қоғамдық маңызы бар тақырыптар туралы  қысқа видеосюжеттер және мәтіндер сериясы.

7. Аруна Амзеева, «Мәншүк медиа», Алматы. Қыз тәрбиесі тақырыбында материалдар сериясы.

8. Ботагоз Омарова, Қарағанды. Елес-зауыттар туралы Raspil-kz журналистік зерттеуі.

9. Касымхан Каппаров, Алматы. Экономикалық тақырыптарды талқылайтын Ekonomist.kz видеолар сериясы.

— Internews Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында Контент өндіруге гранттар байқауын екінші рет өткізіп отыр. 2019 жылы 268 өтініш келіп түсті. Соның 48-і қазақша, ал 226-сы орыс тіліндегі жобалар болды. Байқау соңында қазақша 2 жоба және орысша 7 жеті жоба қолдауға ие болды. Әуел баста 10 жоба болған еді, объектив себептері байланысты бір жоба болмай қалды,-дейді MediaCAMP аймақтық бағдарлама координаторы Ирина Медникова.

– Биыл Internews қазақ тілінде сөйлейтін аудиторияға ерекше ден қойды. Биылғы байқауға 264 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 69 жоба қазақша, 195 жоба орысша болды. Іріктеу нәтижесінде қазақша 6 жоба және орысша 9 жобаны қолдауға шешім қабылданды. Екі тілдегі жобалардың жиынтық сомасы бірдей, яғни әр тілдегі жобаларға шамамен 45 000 доллардан бөлінеді,-дейді ол.

Көріп отырғанымыздай, биыл қазақ тіліндегі өтініштер көбейді. Екі тілдегі жобалардың да идея сапасы жақсара түскен. Ұсынылған форматтардың әралуандығы артты. Мәселен, веб-сериалдар, подкасттар, видеоподкасттар, YouTube-, Instagram- және Telegram-каналдар, дата-журналистика, түсіндірмелі журналистика, карточкалар, көптеген деректі фильмдер мен лонгридтер, проблемаларды қозғайтын және соны шешуге азаматтарды қатыстыратын жобалар көп болды,-дейді Ирина Медникова.

Internews Kazakhstan аймақтық медиа-консультанты Асхат Еркімбай қазақ тіліндегі жобаларға жетекшілік етті.

— Формат тұрғысынан биылғы жобаларға тән негізгі тренд – визуализация. Өтініштердің көбі визуал медиажобалар, яғни идея авторлары YouTube, Instagram каналдар ашып, фотовидео түсіріп, сурет-сторилер жасағысы келеді. Өтініш берушілер де бүгінгі аудиторияның мәтін емес, визуал контентті көп тұтынатынын байқаған. Және бір тренд, жобалардың басым бөлігі – қалыптасқан түрлі таптаурын түсініктерді: қоғамымыздағы әйел рөлінен бастап бала тәрбиесіне дейінгі стереотиптерді бұзғысы келеді,-дейді Асхат Еркімбай.

Тағы атап өтер жайт, биылғы байқауда оңтүстік өңірлер: Шымкент қаласы, Түркістан облысы, Алматы облысы және Қызылорда облысының тұрғындары өте белсенді болды.

Асхат Еркімбай
Асхат Еркімбай

Байқаудың финалына өтпеген өтініш берушілерге, келер жылы да талаптанып, байқауға қатысуды кеңес етемін.

Мына үш нәрсеге назар аударуды ұсынамын:
1. Құжат дұрыс ресімдеп, бюджет жоспарлауды үйрену. Идеяңызға бизнес-өнім, яғни грант аяқталғаннан кейін де жалғасатын жоба ретінде қараңыз.
2. Өз аудиторияңызды мейлінше дәл анықтаңыз.
3. Түрлі тәжірибелер жасаудан қорықпаңыз. Биыл финалға өткен жобаларда инновациялық элементтер болды. Формат пен контент тұрғысынан батыл қадамдар жасаған,-деді Асхат Еркімбай.

Орыс тіліндегі өтініштерді «Ашық Азия онлайн» жобасының жетекшісі Марина Михтаева қабылдаған.

– Бірден байқалатыны, өткен жылы да, биыл да байқауға көп өтініш түсіп, бәсеке жоғары болды. Біздің медианарықта өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік аз, жоба жасауға қаржы табу оңай емес, ал тәуелсіз жобаларға сұраныс өте жоғары. Журналистер бас редактор немесе басылым иесіне алақан жаймай, өз жобасын жасағысы келеді. Бүгінде тұрақты түрде сапалы контент жасап, аудиториясы қалыптасған әрбір адам медиаға айналады,-дейді Марина Михтаева.

– Қазақстандық медиа қандай контент жасағысы келеді? Қазақстандықтар видеоны жақсы көреді: 264 өтініштің 134-і түрлі форматтағы видеоконтент жасау идеясын ұсынды. Басым бөлігі видеоларын YouTube-те жариялауды қалайды. Бұдан бөлек, көбі түрлі тақырыптарда деректі фильмдер түсіргісі келеді. Аймақтағы журналист-әріптестер іміз пысықталған идеясы мен сапалы концепциясы бар жобаларын ұсынып қуантты. Олар аудиториясын да, аудиториясының қалауын да өте жақсы біледі. Түрлі форматта өтініштер келіп түсті. Маған карикатулар сериясы (елімізде ұмытылуға айналған жанр), Instagram-да шағын-зерттеулер жариялау идеясы қатты ұнады. Бұл біздің медианарыққа өте қажет, өйткені аудитория сайттан әлеуметтік желілерге ауысты. Аудитория қайда болса, сонда барып, зерттеулер ұсынбасқа… Көбі идеясын жүзеге асыруға жанын салады. Байқауға «Тіпті грант ұтпасам да бәрібір осы жобамды жасаймын» деген әріптестер де келді. Олардың жасайтынына үміт етемін. Жақсы контент көбейгені бәрімізге де жақсы,-дейді Марина Михтаева.

2019 жылғы байқауда жеңіске жеткен кейбір жобалар:

“Түркістанның 15 ауылын аралаймыз” – грант иегері Әйгерім Бегімбет

Инклюзия в Казахстане: премьера докфильма «Калейдоскоп»

Проект «Источники информации»: следствие ведёт Алдар Косе

«За равный доступ»: борьба Жаслана Керея

«Смоглики» — проект по защите воздуха от LivingAsia

На смерть Дениса Тена: «Хроники одного года моего города»

MUSA: казахоязычная культура для русскоязычной аудитории

Сама себе телевидение. Журналист Айнур Коскина запустила QOS-live

Контент өндіруге гранттар байқауының мақсаты – ТВ менрадиоға, онлайн-офлайн алаңқайларға және әлеуметтік желілерге арналған сапалы мультимедиа жоба жасаушыларды қолдау.

Internews-тің  байқау комиссиясы финалистерді мына критерийлер негізінде іріктеді: идеяның бірегейлігі, мультимедиа тәсілдерін және құралдарын қолдануы, аудиторияны түсінуі , аудиторияны қатыстыруы, контент өндірудің қарапайымдылығы мен ақылға қонымды бюджет.

Контент өндіруге арналған гранттар жобасы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.