Контентті қайта түрлендіру тренингін ұйымдастыруға байқау жарияланды

0
262

Internews Қазақстан өкілдігі MediaCAMP бағдарламасы аясында контентті қайта түрлендіру тренингін ұйымдастыруға серіктес-ұйым іздейді.

Сарапшылардың айтуынша, контентті бірнеше рет түрлендіріп, ұсынуға болады. Әсіресе үлкен форматтағы материалдан дайджест, дәйексөздер, тақырыптық топтамалар әзірлеген тиімді. Бұрын жарияланған материалды жинақтап ұсынғанда түпнұсқасынан да көп танылады. Мәселен, The New York Times мұндай тренд форматты 2014 жылы негізге алса, Reuters агенттігінде “сатылмаған” контентті қайта түрлендірумен айналысатын екі қызметкері бар. 

Қазақстан журналистеріне қазақ және орыс тілдерінде контентті қайта түрлендіру тренингін ұйымдастыратын серіктес іздейміз.

Медиа, медиа-білім саласында кемі 1 жыл тәжірибесі бар кез келген коммерциялық не коммерциялық емес ұйым осы жобаның серіктесі бола алады.

Тренинг қазақ және орыс тілдерінде, офлайн форматында, 3 жұмыс күн ішінде өтіп, Қазақстанның түрлі қаласынан кемі 30 журналисті қатысып, оқыту керек. Ұйымдастырушы қазақ және орыс тілдерінде екі тренинг немесе ілеспе аудармашы қызметін пайдаланып жалпы ортақ тренинг өткізе алады.

Қатысушыларды іріктегенде жас журналистерге басымдық берілуі тиіс. Олар редакцияда да, тәуелсіз автор ретінде де қызмет етуіне болады. Сондай-ақ қатысушыларды іріктегенде гендерлік баланс сақталғаны керек.

Өтініш беруші мынадай ақпарат ұсынады:

  • тренингтің алдын ала бағдарламасы;
  • іліктілігі мен тәжірибесі көрсетілген тренерлер тізімі;
  • қатысушыларды іріктеу тәдісі;
  • қажет бюджет.

* Internews бағдарламаны әзірлеуге және медиатренерлерді табуға жәрдем ете алады.

Тренингті 2020 жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұйымдастыру керек.

Конкурс жеңімпаздарын іріктеу екі кезеңнен тұрады:

  1. Бірінші кезеңде өтініш берушілердің әлеуеті, медианарық сұранысын түсінуі, тренингті өткізудегі инновациялық шешімдері негізінде басым үміткерлер тізімі жасалады.
  2. Екінші кезеңде басым үміткерлер тізіміне енген өтініш берушілермен жоба бюджетін бірігіп бағалау, сондай-ақ тренинг бағдарламасы бойынша әңгімелеседі.

Өтініштер 2020 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.

Internews байқау жеңімпазын 2020 жылдың 30 наурызына дейін хабарлайды.

Өтінім беру үшін онлайн-форманы толтыруыңызды сұраймыз.

Қажет болса, қосымша ақпарат сұратамыз.

Сұрақ туындаса, [email protected] эл.поштасына жазыңыз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.