«Журналист стрессті қалай жеңеді» тренингіне тіркелу басталды

0
1329

Қазақстандағы Internews өкілдігі MediaCAMP бағдарламасы аясында «Журналист стрессті қалай жеңеді» тренингін өткізеді. Қазақстан журналистеріне арналған тренингке тіркелу басталды.

Қазақстандық дәрігер-психотерапевт Жібек Жолдасова карантин кезінде стрессті қалай жеңуге болатыны, одан қалай арылу жөнінде кеңес береді:

  • тынығудың қарапайым әдіс-тәсілі;
  • эмоционалды күйінуден (эмоционалды қажу) қалай сақтанамыз;
  • қорқыныш-үрейді қалай жеңеміз;
  • үйде отырып, қашықтан жұмыс істеу мен үйдегі тұрмысты қалай үйлестіреміз;

Жібек Жолдасова – медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-психотерапевт, 1996 жылдан бастап дәрігер, 2001 жылдан бастап психотерапевт болып қызмет етеді. Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Тренинг 12 маусым (жұма) күні сағат 17:00-де басталады. Zoom бағдарламасында өтеді.

Тренинг қазақ тілінде болады.

Өтініш қабылдаудың соңғы күні: 11 маусым, сағат 12:00-ге дейін.

Тренингке қатысқыңыз келсе, онлайн-өтінішті толтырыңыз.

Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org эл.поштасына жазыңыз.

Бұл жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің «MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы» аясында жүзеге аспақ.